top of page

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

 

- Мектеп өміріне қатысуға;- Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.

- «Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті

– құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;

- Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;

- Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;

- Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;

- Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;

- Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;

- Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;

- Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;

- Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;

- Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;

- Баланың қалтасында өткір,үшкір,түйрейтін,кесетін,улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;

- Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;

- Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;

- Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;

- Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;

- Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;

- Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдарданқорғауға міндетті.

 

  • Twitter App Icon
  • Facebook Basic Square
  • Google+ Basic Square
  • YouTube Long Shadow

Хабарламаны жібергеніңіз үшін рахмет!

bottom of page