top of page

Жігіттің үш жұрты

Жеті атаға дейін қан араласпайды (Қыз алып, қыз беріспейді).  I    Жеті жарғы.   I    Жеті саты.
 

“Туысым - бай, қайыным - бай, нағашым – бай, қайтып кедей қыласын, құдайым-ай!»

Кез келген азамат өзінің ағайын жұрты, қайын жұрты және нағашы жұрты болатынын жақсы біледі. Алайда олармен қарым-қатынастың өзіндік  ерекшеліктерін жете білмейтін жастар қазір әр жерден-ақ ұшырысып қалады. Әсіресе орыс мектебінде оқыған жастардың көпшілігі жігіттің үш жұрты былай тұрсын, жезде-балдыз, жеңге-қайын сияқты туыстық атаулардың өзін білмейді. Халық дәстүрін сақтай білген жігіттің қайда барса да жүзі жарқын. Оны өз туыстары да, қайны мен нағашы жұрты да алақанға салып ардақтайды. «Өзі жақсы кісіге бір  кісілік орын бар». Ал егер жігіт туыс-жұрағаттың кім екеніне мән бермей дәстүрден аттаса, өз басын алып жүре алмай, әр істе табансыздық, тайғанақтық көрсетсе, ондай азаматта береке де, бедел де болмайды.  Сондықтан «үш жұртты» таныстыра отырып, атаулардың мағынасын еске салайық.....

 

Жетіатағадейінқанараласпайды (Қызалып, қызберіспейді)
 

Үлкендердіңақылынақұлақаспайүйленгенқаныжақынтуыстасжастардыертекезде«тасборан» етіпөлтіргендегенаңыз-әңгімелердінадандық,жабайылықдепқабылдайды.  Мұның астарында ұрпақ қамы, үлкен жауапкершілік жатқаны әрдайым ескеріле бермейді. Ал, шындығында, қандас туыстар бір-бірімен қосылса олардың ұрпақтарының айықпас дертке ұшырайтындығын, балаларының соқыр, маймақ, керең не ақыл-есі кем болып туатындығын ата-бабамыз ежелден-ақ білген. Қазақтың бұл даналығын кейінгі кездегі тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика ілімі де, оның ішінде медицина генетикасы саласы бойынша зерттеу қортындылары да қуаттап, дәлелдеп отыр. Өйткені ата-ананың гендерінде тек оларға тән сипат-белгілер (бет-әлпеті, мінез-құлқы, түр-түсі, т.б.) ғана емес, түрлі тұқым қуалайтын аурулар да «жазулы» тұрады екен. Мәселен, қаны жақын туысқан адамдар қосылған жағдайда олардың жыныс клеткаларына «жазылған» белгілердің ішіндегі кереңдік ауруын «таситын» гендері бір-біріне ұқсас болғандықтан асқынып, екі еселеніп күшейіп берілетіндіктен төртінші ұрпақтарына келгенде олардың барлық балалары таскерең болып туатындығы анықталған. Бұл мынандай сызбадан айқын көрінеді.

Жеті жарғы

Ақыл-парасатының молдығы арқасында ӘзТәуке атанған ханның тұсында «Жеті жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып хұқығының тамаша ескерткіші туады. Өзіне дейінгі дәстүрлі заң жобаларының бар мәйегін бойына сіңірген бұл жарғыда салт-тұрмыстағы күрделі жеті мәселеге қамтылған. 
1.    Тіл тигізу, балағаттау, ұрып-соғу, денеге зақым салу, әйелді зорлауға қатысты берілетін жазалар. 
2.    Кісі өлімі, оған салынатын айып.
3.    Ұрлық-қарлық, барымта.
4.    Зинақорлық, зайыбының көзіне шөп салу.
5.    Әдептілік, ата-ананы сыйлау, үлкендер сөзіне құлақ асу.
6.    Жеті ата ішінде қан араластырмау.
7.    Елді мекен, көшіп-қону, жер дауы.
Сол кездегі қоғамның әрқилы қырын қамтыған бұл заң, қазақ мемлекетінің ғасырлар бойы өз тәртіп-тәрбиесі бар, имандылыққа арқа сүйеген біртұтас тәуелсіз ел болып тұруына бірден-бір негіз, алтын арқау болды.

Жеті саты

Бұрынғы қазақ хандығының қоғамдық құрылымы да жеті сатыға бөлінеді.
1.    Ауыл
2.    Ата аймақ
3.    Ру
4.    Арыс
5.    Ұлыс
6.    Жүз
7.    Хандық
Ауыл – ең жақын, қандас он үйелменнен тұрады. Оны ауылбасы басқарады.
Ата аймақ –жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Оның адамын ақсақал деп атайды.
Ру – он үш, он бес аймақтан тұрады. Оны – ұлыс басы басқарады.
Арыс – бірнеше рудан құралады. Басшысы – би.
Ұлыс – бірнеше арыстан құралады. Оның билеушісі – сұлтан.
Жүздің –құрамына бірнеше ұлыс кіреді. Хан билейді. 
Хандық – үш жүзден тұрады. Хандықтың ең үлкен әміршісі – Хақан, яғни Ұлы хан.
Аталарымыз жиі айтатын: «Ұлттың құты – хан, рудың құты –би, аймақ құты – ақсақал, ауыл құты- бәйбіше» - деген қанатты сөз осыдан қалса керек. 

 

Балаға арналған дәстүрлер

Бесікке салу.   Ат қою.   Қырқынан шығару.   Асырап алу.  Сатып алу.  Бауырына салу.  Шілдехана.  Бесік тойы.   Тұсау кесу.   Сүндет той.   Ашамайға мінгізу.   Тоқым қағу, Бастанғы.   Қыз баланың құлағын тесу.   Көкентүп.   Жеті ата.  Айдар.  Кекіл.  Тұлым.  Асату. Селтеткізер.  Үйқыашар.  Аузына түкіру.  Тыйым.  Қозы жасы.   Қой жасы.   Жылқы жасы.   Патша жасы.

 Бесікке салу. «Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға». Бесік - баланың ұйықтауына таза болуына өте жақсы. Бесікке ауылдың өнегелі, ұрнағы өскен, ел құрметіне бөленген бәйбішіге (кәртең) салғызады. Бесік жырын айта отырып бөлейді. Баланы бөленген соң қарияға «бесік салу» құрметіне сыйлық беріледі.

Ат қою. Балаға ат қою – қазақта аса салтанатты жағдай. Әдемі, атақты, құрметті адамдардың атын қоюға тырысады. Сол атқа лайықты болуын қалайды. Атты сыйлы құрметті адамға қойғызады. Ат қойған адам сәбиге батасын береді. Ат қою кейде қандай жағдайда, жылдың қай мезгілінде келгеніне байланысты қойылады. Мысалы, наурыз айы болса Наурызбай, ораза уақыты болса – Ораз, Оразалы, айтта туса – Айтбай, Айтгүль, шөп шабу кезені болса - Шөптібай. Қыздар бірінен бірі келсе өмірге - Ұлтуған, Ұлболсын, Ұлмекен, Ұлжан артынан ұл келеді деген үмітте болады. Ылғый ұлдар болса – көз тимес үшін Башай, Қосқұлан, Кептер, Күшік т.б. Бүгін де құрметті адамдардың аттарын қояды: Бауыржан, Абай, Сәкен, Абылай, Фариза, Олжас т.б. Қазақта «ат қою» мен «ат тергеу» бар. Келін күйеу әкесін - «ата», інісін - «қайны», қарындасын - «қайнысіңілім», үлкен ағасы – «ағеке», «мырза қайнаға», «би атам», «еркем» т.б. деп атайды. «Ат тергеу» үлкен кішіге дер құрмет. Үлкендердің атын атау – құрметтің жоқтығы, әдепсіздік болады.

Қырқынан шығару. Қырық күн өткен соң баланы әйелдер суға түсіріп, шашын, тырнағын алады. Суға түсірген әйелдерге сый-құрмет көрсетіліп, рахмет айтады. Жыйналған адамдарды дастарханға шақырады. Қазақта  3,7,41 сандарды ерекше қайырлы сандар деп есептеледі.

Асырап алу. Баласы жоқ адамдар ерлізайыпты біреуден бала асырап алады баланың әке-шешесінің келісімі бойынша. Болашақ ана балаға ат қойып, оның оң қолына асықты жілік ұстатады. Содан кейін жиналған адамдарға енді өзінің баласы екенін хабарлайды. Егер бала қайтыс болса, бұл сирек кездеседі, дұға оқығанда өзінің ата-анасының аты аталады.

Сатып алу. Өмірге келген балалар бірінен соң бірі шетіней берсе келесі баланы біреу сатып алады. Дүниеге келген сәбидің үйіне бір тәүіп, шаман келеді де «сен менің баламды ұрлап алдың, бер өзіме» деп ата-анасының қарсылығына қарамай тартып алады. Бір-екі күннен кейін ата-ана баланы сатып алады. Баланы алған кісі сәбиді керегенің астынан береді. Ол баланы сатып алдық деп есептейді. Бұдан басқа жолдары бар. Мысалы, бала ұзақ өмір сүру үшін оны жеті кемпірдің аяғының арасынан өткізеді. Қазақ халқы бала өсіруді бақыт деп санап, әрқашан балалы болуды армандайды.

Бауырына салу. Баланы уақытша тәрбиелеу. Дәстүр бойынша атасы мен апасы, жақын адамдары тәрбиелеуге алады. Осылай уақытша тәрбиелеу «бауырына салу» деп аталады. Осылайша әке-шешесі, атасы мен әжесі баланы тәрбиелейді. Олар баланың өсуіне аса мән береді. Оның нағыз азамат болып, халқының жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне көмектеседі. Есейген соң ата-анасына қосылады, не ата-әжесінде қалады.

Шілдехана

Жарыс қазанның  арты іле-шала не сол күні түнде, ертеңіндегі кеште шілдеханамен жалғасады.Шілдеханаға көбінесе жастар жиналады. Көлігі барлар сән-салтанатпен сәйгүлікпен тебінді, дүбірлі келеді. Бәсіресі, тай-құнаны жоқ балалар үлкендер мінгескен түйенің өркеш арасына симаса мойынына мініп болса да жетеді. Кейбірі тайыншамен, өгізбен жетеді. Келе жатқандар сай-сайды бастарына көшіріп жеткенше ән шырқайды. Жұрттың бас-аяғы жиналған соң ас аяулы, қымыз кысулы болмайды. Аста-ток қошемет көрсетіледі. Өйткені алды жарыс қазан, жалғасы шілдехана болып жатқан үйде бәрі бар ғой. Жастар таң атқанша айтысады. Домбыра шертіп, ән салады. «Қара жорғаны» билейді.Сұлулығы ауыл-аймақты тамсандырған кейбір арулар отырған киіз үйге кіре алмаған жастар соның айдай ақ жамалын бір көрү ұшін киіз үйдің үзіктерін тұс-тұстан тесіп сығалайды.Ол түні жастар таң рауандағанша тарамайды. Қайтқанда да әнге басады.
Жастар осындай думанмен отырғанда шілдехананың дастарханын басқарып журген эйелдер «қалжаға сойылған малдың омыртқасынан ауыз тимедік, ең  құрығанда бірін мұжуға тісімсіз тимеді» деп деп аяқ астынан өкпелейді. Сол үшін іштеріндегі бір шебері он екі омыртқаның  етінен бәріне ауыз тигізу керек, мұнтаздай ғып мұжытуы керек. Тап-тақыр болған омыртқаларды әбден болған соң бір тобылғыға тізіп үйдің ең бір жоғары жеріне ілу керек. Бұнысы – баланың мойны тез бекісін деген салт. Бұл тезілген сүйек тамда болса төбедегі арысқа, киіз үйде болса уықтың қарымына ілінуі керек.Сол күні әлгі өкпеші әйелдер төрдегі бас пен жамбастан ауыз тимесе өкпелемейді.  Ал омыртқаны мұжуға қатыспаса ат кекілін кесуге дейін барады. Мұның себебі әйел затының бәрі де бала табуға құштар.Сондықтан қалжаның омыртқасынан ауыз тиюді, өздері де осы әйел құсап тезірек босанармыз деп ырымдайды. Болмаса жайшылықтағы омыртқаға қарай ма олар. Қарағаны сол, «сүйек-саяқ беріп қорлауын қара» деп лақтырудан ерінбейді. 
Қалжаға арнайы сойылған мал етінің омыртқадан басқасының бәрін босанған әйел өзі жеуі керек. Өйтпесе белі тез бекімейді. Көшпелі тіршіліктің қатты-қайырымына тез қосыла алмайды. 

Бесік тойы

Биесі құлындап, сиыры бұзауласа көтен асып ырым жасайтын тойшыл-думаншыл қазақ сәбиді бесікке салғанда той жасамай, ойын-сауық өткізбей тұра алама? Жиғаны мен тергенін халайық пен қонағына ақысыз-пұлсыз шашатын қазақ бесік тойының шығынына мәу демейді. Қайта аз болады, келгендер ренжіп қайта ма деп кейбір кемкетігіне кейінді. Бесікті арнайы ісмер жасайды. Жөргектен шығарып ит көйлек кигізілген сәбиді бесікке ауылдың кез келген әйелі салмайды. Бұған-да ел-жұртына аяулы, ұрпақты бір бәйбіше лайық.
Бұрынғы шаман дінінің отқа табынған салты бойынша әлгі бәйбіше темірді отқа қыздыртып сәбидің маңына пәле-жала, жын-шайтан жоламасын деп бесіктің арқалығын бірнеше жерден қарайтып тұрып қариды. Басқа бәйбішелер қырандай болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды арқалыққа, кейбірі тұмар жаздырып тағады. Бұл бесік дегеніңіз баланың тазалығы ұшін, көшпелі елдің көші-қоны, ат үсті үшін табылмайтын қолайлы нәрсе. Баланың кәк етуі үшін, кіш етуі үшін түбектен қолайлы нәрсе жоқ. Түбіне күл салынған осы бір киіз түбектің өзі де тым таза. Кәзіргі келіншектер тегене-тегене жөргек жуып былығады да отырады. Мынадай сабынға тапшы заманда бүйтудің өзі оңайға түспейді  ғой. ‘
Бесіктегі бала  көбінесе омыраудан шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, қарын шәші алынған бала талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып еңбектей бастайды. Бұл кезде дөңбекшіп бесікке өзініңде жатқысы келмейді. Бала бүл шамаға келген соң бесікті аса кәдірлейтін қазақ әдемілеп тазалап, келешек ұрпақ тезірек келсін, енді сол жатады деп үйдің ең бір сенімді жеріне сақтайды. Бесікті қазақ құрметтейтіні, сақтайтыны соншалық, атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Кейде қазақтың туған жерді де алтын бесік деуі де осы ардақтаудан шыққан болар. Сондықтан да бесік тойы қазақ өмірінде үлкен орын алады. 
Бесікке баланы қырқынан шыққан соң салады. Оғанға дейін бала жөргекте болады. Өйткені оған ит көйлекті кигізу қиын. Бесікке салған күні қарын шәші алынып оған бір молла ат қояды. Атты азанмен жұртқа естірте айтып, онан соң бесіктегі баланың екі құлағына: «Сенің атын пәлен» деп молла айғайлап айтады.

Тұсау кесу

Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап  ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды.Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны  ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге: «Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап сонан соң ортасынан кеседі. Бала андайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимайлайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болу үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.  Осы арада «баланың аяғында не себепті ала жіпбайланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы  кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп  баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне, ең құрығанда бұзауға моншақ болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам ой кезіксе кесіп-құртұға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Бірінші бастағы айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу. Жоғарыдағы біз сөз еткен бессалтты қазақ ұлға да, қызға да ортақ істеді де, алдағы ашамай тойы, тоқым қағуға барғанда ұл әкенің, қыз шешенің баулуына бөлініп, тәрбиенің түрі өзгереді.

Сүндет тойы

Атқа міну жасына толған яғни үш жасқа толған ұл балаға тән тағы бір той – сүндет тойы. Баланы сүндетке отырғызу қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін салтымызға кірсе де, келе-келе ол салтымызға мықтап сіңген. Білетіндердің айтуынша бұл өзі адам денесінің тазалығына арналған шаралардың бірі көрінеді. Баланы сүндетке тақ жасында отырғызады. Яғни үш жаста, бес, жеті, тоғыз, тым кешіксе он үш жаста. Бұл жастан кешіктіруге болмайды. Өйткені шариғат бойынша ұл бала 13 жаста, қыз бала 9 жаста балиғатқа толады дейді. Балиғат жасына толған ұл баланың да, қыз баланың да үйленуіне болатын көрінеді. Бірақ бұл шариғат ыстық аймақта мекендейтін адамдарға арналса керек. Қазақ даласында жиі қолданылып келген сүндетке отырғызу тәсілінің екі түрі бар. Олар: кесу және шету. Кесу көбінесе ес тоқтата қоймаған кішкене балаларға қолданылады да, шету ес кіріп, марқайып қалған балаларға қолданылады. Кесу тәсілін қолданғанда баланың үрпіне қабығы аршылып, әбден кептірілген жіңішке жұмыр ағашты сұғып, үрпінің ағаш сұғылған бөлігін ыстық суға қайнатылған не болмаса отқа қарсаланған өткір ұстарамен айналдыра кесіп алады.  Кесілген жерден қан ақпау үшін шөптің немесе ағаш бұтағының салқын күлін кесеге толтырып алып төңкеріп қояды. Кесе сырғып кетпеу үшін оны таза шүберекпен баланың екі санына таңып тастайды. Баланың үстіне көрпе жауып, жаң-жағынан қымтап жанында бір кісі андып отырады. Бала неғұрлым қозғалмай тыныш жатса, салқын тимесе кескен жері тез қара қотырланып, ұзамай жазылып кетеді. Ол үшін баланың сұраған тамағын, жақсы көретін ойыншығын дайындап көз жазбай  андып отыру ләзім. Мұндай жауапты іске үй-іші, көрші-қолаң түгел араласады. Біреу ертегі айтып алдарқатса, енді бірі өлең айтып көңілін аулайды. Баланың сүндетінің жеңіл болуы, біріншіден, баланың күтіміне байланысты болса,екіншіден сүндет жасаған адамның қолының жеңілдігіне байланысты болатын. 
Шету – кесуге қарағанда жеңіл. Мұнда баланың үрпін айналдыра кеспейді, тек оның үстінгі жағын тік тіле салады. Дегенмен есейіп қалған бала бұған да көңгісі келмей әлек салады. Егер өзін сүндетке отырғызатынын естіп қойса атқа мініп қашып кетуден тайынбайтын балалар болған.
Сүндет тойы думанды тойдың бірі. Мұнда баланы арнаулы «Сүндет ат» деп аталатын атқа мінгізіп, сәндеп киіндіріп, үкі тағып, ауыл-аймақты аралатады, баланың өз аузымен тойға шақыртады. Дәстүрлі салт бойынша ойын-сауықтың бар түрі көрсетіледі. Баласы сүндетке отырғанда ата-анасы «балам мұсылман санатына қосылады» деп қуанады.  

Ашамайға мінгізу

Ұл бала қара табан болып жетіге дейінгі жерден жейтін таяғынан құтылып, кез келген қурай мен шыбықты ат қып айнала шаба бастасымен өзі құралпы қыздардан бөліне бастайды. Есі дерті дүзге, малға ауады. Ал қыздар көбелек қуып, қуыршақ жасап сұлу көрініске үйір болып, үйден де ұзамауға тырысады. Қашан да «мал, малды алған соң ал»  деп тағдырын малға сүйейтін қазаққа осы малды бағу үшін бала керек. Бала болғанда- ұл. Ашамай – ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады. Кеңдігі баланың ауына лайық. Алды-артында ердің қасы сықылды сүйеніші бар. Үзеңгісі жоқ. Үстінде  жұмсақ көпшігі болады. Осыны жуас атқа ерттеп, үстіне баланы мінгізеді. Ауып қалмасын деп басында екі аяғын байлайды. Сонан сон тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бойы жерге, онан соң онан алысқа жетектейді. Сөйте-сөйте баланың өзі жүреді. Бір-екі күннен соң аяқты байламайды бала өз бетімен келеді. Сонымен айналасы бір жеті де атқа жақындық қанында бар қазақ баласы ашамайды тастай сап ертоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе таралғыға салады. Өмірінің қақ жартысы аттың үстінде өтіп, ауы ерде тозатын, қамыт аяқ, қайсар қазақ алғашқы ашамайға мінгізу тойын өткізеді. Бұл той әр әке-шешенің шамашарқына қарай болады. Байлар ірі қара сойып кәдімгідей той жасайды. Кедейлері бүйрегі бітеу, ұлтабары толатындай майы бар лағын сойып, көршілеріне ырым жасайды. Әулеттілер күзде бие ағытып, сірге жияр бергенде бір құлынға ен салып, ашамайға мінген баласына  бәсіре атайды.  Жоқтар қолындағы бір биесінің алдыдағы құлынын алдын-ала атап қояды. Қазақ үшін алдымен ашамайға, артынан тай-құнанға міну ат жалын тартты  деген соз. Ат жалын тартты деген сөз – азаматтықтың бастамасы. Өйткені қазақ баласы ұдайы жаугершілікте өскендіктен бе, әлде көшпелі өмірдің өзі қалыптастыра ма өмірге ерте бейімделеді. Ерте үйленеді. Мал соңына ерте ілеседі. Бұл тіршіліктің  бәрі қазақта атпен бітеді. Сондықтан ашамайға мінгізу ерекше аталады. Осы ашамайға мінгеннен бастап ат құлағында ойнау, кебенек киіп елдің шеті, боранның өтіне шығу, сауыт киіп, садақ ұстап жаумен шайқасу, бәрі-бәрі ашамайға мінуден кейінгілер.   Ашамайға баланы мінгізіп көрші-қолаң, жақын-жуық жиналғанда бұрынғы даналардың жоғарыдағыдай көсем сөздері көп айтылады. Ондай ынжықтарға ұқсамасын деп үлкендер балаға бата береді. Ашамайға мінгізудің бір жағы осы батаны алу....

Тоқым қағу

 

Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылаған да әке-шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. Ал тоқым қағу ақ инеттен, адал көңілден міндетті түрде атқарылатын әдет. Міне, осыдан кейін қазақ бұл балаға  арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындайды.Былайша айтқанда бәсірені жабдықтау шарт. Сүйтетіні  осыдан бастап баланы баулу, еңбекке тәрбиелеу –анығырақ айтқанда оқыту басталады. Қазақта мектеп те жоқ. Медіресе аз. Надан, балалары тәрбиесіз деп кеудесімен ат басып кете жаздап жүргендер – шетінен дөйдала, пілге үрген иттер. Олар қашаннан бері қанша үрсе де түйенің үстіндегі қазақты қаба алған жоқ. «Тоқым қағу» соларға қаққызбаудың, соғысса жеңілмеудің алғашқы сабағы. Біз осы «тоқым қағарға» дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік.  Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген-құрықсыз дербес шақ дейді де, оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады. Біз бұны қазақтың жасты бөлуімен түсіндірейік.  

 

Көгентүп. Қонаққа келген туысқандары, не жақсы дос, жолдасы келсе баласымен оларға деген құрметі мен сыйластығы үшін баласына құлын, не бұзау, не қозы береді. Бұл «көгентүп» балаға туыстық қатынасты білдіреді.

Жеті ата. Жеті атаға дейін қазақ туыстық қатынасты үзбейді. Сондықтан жеті атаға дейінгі ұл-қыздарға үйленуге рухсат етілмейді.

Айдар. Ұлбалаға арналған сән үлгісі. Ұл баланың төбесіне шаш қалдырып, бір бұрым қылып өріп қояды. Әдемі көрінеді.

Кекіл. Баланың шашын әдемілеп алып, маңдай тұсына шаш қалдырады, маңдайына сәл түсіріп қояды. Мұны кекіл дейді. «Кекіл» ұлбалаға жарасып тұрады.

Тұлым. «Айдар» мен «кекіл» сияқты әдемілеп алып, екі жағынан бірдей желкесіне қарай аз шаш қалдырады. Тұлым қыз балаларға тән,  кейде ұлдарға қояды.

Асату. Табақтан ет алып беру. Бұдан кейін қалған етті ақсақалдар жинап алып, өз қолдарымен береді. Бұл дәстүрді жазушы Сәбит Мұқанов жақсы көрген. Мұның бәрі жақсы ниетпен істелген.

Селтеткізер. Наурыз мейрамымен бірге келетін ұлттық салт-дәстүр. Жүрегін махаббат отымен жауылған ғашығына бұл күні серілеріміз «селтеткізілерге» тазалықтың, пәктіктің нышаны (белгісі) ретінде айна, тарақ иісу сыйлаған екен.

Ұйқыашар. Бойжеткендер (қыздар) бозбаланы көңілі хош көрсе, жас малдыңетіне уыз қосып, дәмді тағам дайындаған. Астарлап пісірілген дәмнің аты. «Ұйқыашар» деп айтылған.

Аузына түкіру. Қазақ халқы өзінің батырларын, атақты ақындарын, билерін,шешендерін өте жоғары бағалап отырған. Әрбір ата-ана өз баласынң соларға ұқсағанын жақсы көрген. Сол себепті сондай адамдардан баласының «аузына түкіруді» сұраған. Баласының бойынан сол адамдарға ұқсағанын көргісі келген.

Тыйым. Басқа да халықтар секілді қазақтарға тыйым салынатын болады. Мысалы: тізе құшақтап отыру демек бұдан былай ешкімді құшақтамау. Үй ішінде ысқырмау, жер таянуға, бүйірін таянуға болмайды. Жолдасынан, не баласынан айрылғанда әйелдер бүйір таянады. Табалдырықты басуға болмайды, жақын адамдарына пышақ, ит сыйлауға болмайды - жауығып кетуі мүмкін дейді. Үлкен адамдардың жолын кеспеу – бұл әдептілік.

Қозы жасы - қазақ ұлды оннан асысымен қозы  жасы атайды. Бұл шақта баланың міндеті, істейтіні – қозыны бағу. Бұл еңбекке баулудың  қазақша бастауыш класы іспетті. Қозы жасы аталуы да содан. Жоғарыдағы өзіміз сөз еткен кереғарлар айтқандай, қағаз-қалам ұстап партада отырған оқушысы болмағанымен, өрісте қолына ақ таяқ ұстап, еңбекке шынығып жүрген баласы бар қазақ бір жағынан зиян тартса, бір жағынан пайда тауып жатты. Түбінде оқу-ғылым теріс емес қой. Бірақ түйенің өзі- түйе, құмалағы түйе болмайтынындай оқығанның бәрі ойлаған жерден шыға бермейді.. Ал ана қозы жасы деп аталатын еңбек  мектебіндегілер шөгелдікке қанша айтқанмен бейім келеді. Бұл арада біз оқудан ат-тонды ала қашүдан аулақпыз. Бүйту  қате. Әңгіме  қазақтың ертедегі әлқиссасы жөнінде болып отырған соң, сол кездегі қазақтардың бала тәрбиесі – оқытуы болмады дегендерге ескерту жасау ғана. Өйткені қазақ балаға жастайынан қатал қараған, баули білген. Кей халықтың қозы жасын дағылары сары далада сарылып қозы бақпақ тұр ғой, жеңіл-желпі киініп есік алдына шықса ауырып қалады.  Алматының кейбір биік үйінен басқаны көрмеген он жасты қойып, жиырмадағы баласы ауылға келгенде отын бұта, не жар деп қолына балта берсең балтаны көрмеген ондай қатты қайырым еңбекті істеп көрмегендіктен балтаны ағашқа емес, аяққа тигізіп жараланып қалғанын  көргенбіз. Қазіргі халыққа қозы жасындағы балаға неше жүз қозыны ит арқасы қиянға апарып жаю өте қиын көрінгенімен, ол кезде ол жастағыларға онан жеңіл жұмыс жоқ.  Малдың да  бағуға ең оңайы –қозы.

Қой жасы - қозы жасындағы бала он беске – отау иесі делінетін жасқа келісімен бастаушты бітіріп, жоғары класқа көшкен оқушыдый кәсібін  ауыстырады. Отаудың иесі деп үміт күтіп отырған жасты қой бағуға жарамайды деп қазақ ешқашан ойлаған емес. Сондықтада он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деген ертеде. Ал сиыр мен түйеге ие болу кәрі-құртаңның сыбағасы. Қазақтың ертедегі ең көп ұстаған малы жылқы мен қой, онаң соң түйе. Он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы дейтіні бір қора қойды итқұсқа жегізбей, жоғалтпай бағу. Жауын-шашында, боранда аман сақтау, күн шыққаннан қас қарайғанша жалықпай жайып, кең далада жападан жалғыз жүру, осы жастардағы адамның ғана қолынан келеді. Он бестегілердің де өте бір қағылезі болмаса төзуі қиын. Бірақ төзбеуге болмайды. Дала тіршілігінде өсіту заң. Көнбесе басқадай кәсіп кем де кем, күн көре алмайды. Бұл қой жасынан еті тірілер ғана, сенімділер ғана жылқы жасына аусады. Емтиханнан өте алмағандары сол қойдың соңында мәңгі қалады.

Жылқы жасы - қай халықта болмасын жиырма бес жас белдің бекіп, қабырғаның қатқан кемел кезі. Жаулары жылқысын айдап, қызын алып қашатын ертедегі қазақтың ең  үлкен ауыртпалығы мен ең жақсы рахаты да жылқыда болған. Күні де, түні де азапқа толы жылқыны сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға ғана лайық. Ат құлағы көрінбейтін  боранда тұмсығына оқтаудай мұз қатқан атпен бірнеше күн жүріп жылқыға не болу, алдынан тосатын, ұлып соңынан қалмайтын қалың  қасқырға  жегізбей, екі күннің бірінде тебініп сақадай-сай жауға бермеу жиырма бес пен қырықтың  арасындағылардың  ғана қолынан келеді.Бұл кезді қазақ халқы сондықтанда жылқының жасы деген, әдіптеп айтсақ бұның өзі бұрынғы қазақтың еңбекке баулудағы жоғары мектепті бітіргені.

 

Патша жасы -  қазақта патша болыпты дегенді естімедік. Кейбір патшаға бергісіз хандардың болғанын екінің бірі – егіздің сыңары біледі. Қазақтағы патша жасы деген мынадан шықса керек. Жалпы шығыс мұсылмандары жасы толса да, ақылы қалыптаспады деп қырыққа келмегенді қолдарынан келген жағдайда да патша қойғызбаған.  Мөлшері қырықты патша жасы деуді біз солардан үйренсек керек. Әсілі қазақтар қырықты-қынаптан шыққан қылыштай деп ардақтайды. 

 

Құдалық

Біз шаншар.   Қыз айттыру.   Қыз көру.   Шеге шапан.    Қарғыбау.    Өлтірі өткізу.     Құда түсу.    Бата аяқ.      Құда тартар.    Қалың мал.    Балдыз қалың.    Киіт.     Есік көру.

Біз шаншар

Ертеректегі қазақтар қонақ үй, асхана, ақша,банка,транспорт дегендеріңіз тегін болды ғой. Тегінді қойып дұрыстап күте алмағандар сөгіс естіп, айып төлеп жататын. Табақтағы етке салынған жамбастың ақ тамыры, не қол еттің безі алынбай асылып, қонағына  тартылса, тегін ет бергенінің сыртында айыбын қоса төлейтін қазақпыз біз. 
Осы көп тегіннің бірі – түстік. Қазіргі «обед» –деп атап жүргеніміз осы «түстік». 
Қазақта бұл ас түсте, жаз кезінде таяқтың көлеңкесі жоғалып, күн шаңырақтың үстіндегі кезде болады.  Бұл кезде келгендер шайын ішіп, етін жеген соң аттанады. Аралықта кейбірі атын шалдыртады, не суытады. Мұндайлар қонбайды. Ал «біз шаншуға» келгендер ешкіммен сөйлеспей, аттарының ертоқымын бір жерге жиып, түскі асын ішкен соң да кетпей жатып алады. Үй иесі қонақасыға кешінде мал сояды. Қонғандар ертеңінде сиыр түсте үн-түнсіз аттанын кетеді. Бір сыры көбінесе келетіндер ылғи шалдар болады. Қонақтар кеткен соң үйдегілер бұл сырды біле қойып, сырмақ қағады. Қайрағын іздеіді. Сырмаққа шаншылған бізді көреді, қайрақтың  жоғалғанын біледі.
Бұл «ұл ержетті, қыз бойжетті. Қосқұлақ бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, жекжат болайық» дегені. Қазақтың балаға деген үлкен қамқорлығы, қамы, міне, осыдан басталады. Қызы бар үй егер қайрақты сұрамаса, бір жетіден соң әлгі шалдар және келіп құда түседі. Әкесіне қарап ұлын,  шешесіне қарап қызын сынайды.
Мұндағы бір гәп – бізде. Бұнын мәні: қазақта біз көбінесе ұлдар,  еркектер қолданатын сайман. Қыздардікі - ине. Бұның бірі қатты –қайырымға керек те, инесі кестеге, киім-кешекке, жеңіл-желпіге қажет қой. Шалдардың сырмаққа біз шаншуы бізде бір ұл бар еді, сол осы шаңыраққа да ұл болса, қалай қарайсыздар деген жұмбағы. Ал енді ана қайрақты әкетуі «бізді құп көрсеңіздер құданда болайық» дегені. «Құданда» дегеніміз түсіндіре айтқанда алланың алдында ант жасағандық. Бұл жерде «құда» - «құдай» деген ұғымды, «анда» арапша «ант» деген ұғымды береді. 
Бұны бұрыннан білетін қазақ  құдалықты осылай бастайды енді.  
 

Қыз айттыру

Ұлына лайықты қызды таңдау ата-ананың ой-арманы болған. Сондықтан өзіне тең, үлгілі, абыройлы, көпшілік қөңілінен шығатын отбасын іздейді. Егер көңіліне алған отбасында тұқым қуалайтын аурулы адамдар болса, олардан аулақ болуға тырысқан. Өздеріне тең дәрежелі жанұйя болса солармен жақын туыстық қатынас жасауға көңіл білдірген.

Қыз айттыру әр түрлі болған. Егер ұл мен қыз әлі жас, мүмкін әлі дүниеге келмеген күнінде адамдар бірін-бірі жақсы білетін, дос, жолдас, дәрежелерінде тең адамдар, бірінікі ұл, не қыз болса құда болуға келіседі. Бұл атастыру деп аталады. Тумаған балаларымен құдаласу - «бел құда», бесіктегі балалары барлар құдаласса – «бесік құда» деп аталады.

Кейде қызын алып отырған құда өзінің қызын құдасының баласына беріп «қарсы құда» болады. Бір екі рет құда болғандар «сүйек жаңғырту» деп аталады. Ұлдың кәмелетке келіп үйленуі «құда түсу» ден кейін болады. Қазақ жеті атадан асқанша  қыз беріп, қыз алмайды. Егер әйел ерінен сегіз жас үлкен, жігіт әйелден жиырма бес жас үлкен болса үйлендіруге рухсат бермейді.Қыз айттыру жастардың үлгілі, тәрбиелі отбасы болуына негіз болады. (Қыз бен ұл әлі жас, бірін-бірі  жақсы тани білуіне уақыт болады, сол себепті келешекте олардан жақсы отбасы шығады, деп ойлайды).

Қыз көру

«Қыз көру» кейде «қыз таңдау» деп аталады. Дәстүр бойынша белгілі, атақты адамдардың балалары қыз таңдаған. Егер алыс, жақын ауылдарда әдемі, сұлу қыздар бар деп естілсе, жігіттер сол жерге барып, қызды көреді. Қазақта «қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал бар. Бұл мақал жігіттерге жол ашады. Қыз таңдауға келген жігіттерге ешқандай өкпе, қарсылық болмайды. Бұл жігіттерді жақсы қарсы алған. Бостандықты сүйетін, жасы жеткен, еркін сөйлей алатын қыздар өз ойларын «қыз көретін жігітті біз көрелік» - деп өз ойын білдірген. Жігітке деген көз қарасын ашық айта білген. Мұндай кездесуде кейде айтыс ұйымдастырған, қыз бен жігіттің айтысы. Бұл кездесуден кейін қыз бен жігіт бір-біріне сенім білдіріп, келіскен жағдайда жігіт қыз ауылына құда түсуге келісім берген. Бұдан түйгеніміз ертеде қыз бен жігіттің таңдауына көңіл бөліп, жастарға ерік берген. Әрине мұндай екінің біріне беріле бермеген. Бұл көптің алдында беделді адамдардың балаларына, атақты жігіттерге берілген. Бұл жай туралы білгің келсе Т.Жомарбаевтың «Қыз көрелік» романын оқы.

 Шеге шапан

Шеге шапан –сыйлық. Қыз бен жігіттің ата-анасы келісімге келген соң бір-біріне сыйлық жасайды. Жігіт жағына бұл сыйлық «Қарғыбау». Ал қыздың әкесі жаушының (жігіт жақтан келген кісі) иығына шеге шапан (жаңа шапан) жабады.

 Қарғыбау 

Сыйлық. Қызға құда түсерден бұрын қыздың ауылына жаушы келеді (жігіт жақтан кісі), ол алдағы болатын әңгімеге келісу үшін. Екі жақтын келісімі бойынша қалың малдың мөлшері, той өткізетін уақыты белгіленеді. Жаушы қыздың әкесіне «қарғыбауды» береді («қарғы» - жүген, бау – шылбыр) жүйрік аттың, жорғаның шылбыры. Содан кейін жігіттің әкесі өзі келеді. Құдалық туралы сөйлеседі. Қыз жағынан бұл кеңеске келешек құда, жиендерінің атасы мен кездесуге жақын туысқандары қатысады.

 Өлтірі өткізу

«Өлтірі» деген  сөз қосылып жазылғанымен мазмұны – өлі, тірі. Бұл арадағы өлі мен тірінің айтылуы: «алдыдағы құдалық баянды  болуы үшін екі жақ өлі мен тірінің алдында ант етеміз» дегенді ұғындырады. Сондықтанда өлтіріге әкелінген мал осы уәдеге бола атап сойылады. Бұны қыз үйі соймайды.  Бөгде біреу алып сояды. Бұндада мән бар. Өйткені екі жақтың анты үшін таңдамахшарда күә керек. Сонда тырып ете алмайтын заңды болады. Өлтірі тойы өтіп болған соң екі жақ бірін-бірі «құда-құдағи» дей беруге қақылы. 
Өлтіріде құдалар жақтан сыбаға ас әкелінеді. Бұдан қалыңдық ауыз тимейді. Себебі: әлі оң жақтан аттаған жоқ. Бұл бір. Екінші, келін болып барғанша әлі талай кезең, кәде, уақыт бар. Келін болып бармай жатып татқан дәм қате, кінә.
Бұдан соң құда жақтың ендігі әкелетіні- үкілі құнан, не дөнен. Кейбірі ат әкеледі. Бұл арада мәселе жылқы да емес, оның кекіліндегі үкіде. Үкі бұл жерде төлді меншіктей ен салғандай, осы қызды – болашақ келінді өздерінің баласы етіп алдын ала немденгені, үкілегені.

Құда түсу

Құдалық ертеден келе жатқан дәстүр. Күйеу жігіттің әкесі баласы мен, өзінің жақындары мен (кейде жігіттің әкесісіз де) құда түсуге келеді. Құда түсу – аса қызықты өтеді. Құдалардың келуі «құда түсер» деп айтылады. Алдын ала ескерту бойынша қыз әкесі өз туыстары мен жақындарына, сыйлас адамдарына хабарлайды. Құдаларды аса құрметпен, салтанатпен қарсы алады. Екі жақтың құдалары бірі-біріне құрметтеп сыйлықтар тапсырып қуанышқа бөленеді. Құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр т.б. Жігіт жағынан келген адам - «бас құда», күйеудің және қыздың әкесі – «бауыздау құда» - ең жақын адамдар. «Бас құда» жаңа жерге келген қыз үшін (келін) әр уақытты қымбат сыйлы адам болады. Жаңа түскен келін оны «ағеке» деп атайды, өйткені ол әр уақытта келінге назарын аударып жүреді. Келін оны әрқашан құрметтеп жүреді. «Құда түсу» - өте мағналы, аса жоғарғы дәрежеде қазақтың ұлттық болмысын көрсетеді.

Бата аяқ

Құдалардың ақыры байлаулары. Құдалықтан кейін жігіт әкесі қыздың ауылына келіп, ұзату уақыты, қалың мал мөлшері, кәде жоралары туралы келісімге келулері. Бұл «бата аяқ» деп аталады.  Кей жерлерде «сырға тағар» не «баталасу» деп аталады.

 Екі түрлі бата:

-          Кесімді бата – қортынды шешім – ұзату тойдың айтылған уақытта өтілуі, шығарылатың қаражат, малдың саны.

-          Келісімсіз бата – мал санының есебі, шығатын қаражаттың белгісіз екендігі. Өтілетін уақытының жағдайға байланыстылығы.

Бай, қуатты, атақты адамдардың сыйлықтары өте жоғары болған: бес жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы. Бес жақсы – боталы түйе, құлынды бие, аса бағалы зат не алтын, күміс.

Орта жақсы – түйе не жылқы. Аяқ жақсы – жылқы, сиыр, қой т.б.

Құда тартар

Жоғарыда айтылғандай құдалыққа байланысты әдет-ғұрыптар қазақта өте көп. Түрлі ойын-сауықтар арасында аса қызықтың бірі «құда тартар». Ауылдың әйелдері, жас жігіттер құдаларға түрлі қызықты ойын күлкі ретінде, дәстүр бойынша жүргізеді. Құдалар дастарқан жиналған соң әңгіме дүкен құрып отырғанда, әйелдер келіп, «құда тартар» жасаймыз – деп, құданы өгізге теріс міңгізіп, ауылды аралап жүргізеді, не кілемге салып, жабыла көтеріп, жоғары-төмен түсіреді, не құданы аяғынан байлап, арқан ұшын шаңырақтан шығарып жоғары көтереді, үстіне су шашады, не әйел киімін кигізеді. Ол үшін құдалар әйелдерге ақы төлеуге тиісті. Оның есесіне құдалар да қарап қалмайды. Құдалар бұл ойын үшін әйелдерге ренжімейді. Көрерменге өте қызықты ойын болады, театрдан кем емес. Құдалардың есе қайтаруы көрерменді «жақын адамдардың» -құдалардың арасындағы әзіл, күлкі үшін жасалады. Бәрі де қазақтың дәстүрлері.

Қалың мал

Қалың мал туралы келісімнен соң қазақтың әдет-ғұрыпы бойынша қыз алатын жақ мал басымен келісім жасаған. Қалың құданың тұрмысына байланысты болған. Егер құда бай адам болса қалың мал мөлшері 200–500 бас жылқы, кейде ол  1000 басқа дейін барған. Егер құда кедейлеу болса 5,6 бастан артпаған.

Қалың малдан басқа «сүт ақы», өмірден өткен қалғандар үшін (өлітірі) жігіт жағынан кәденің басқа түрлеріде жеткілікті болған. Кеңес уақытында осының бәрін «қызды малға сатады» - деп шығарған. Ал қызға берілетін жасау қалың мал құнмен тең келіп, не артып жататын.

«Қалың мал» мөлшері құдалардың тұрмысына байланысты болған. Қалың малға 10 бас сиыр болса, ол «дөңгелек қалың», ал ұсақ бас болса 1,2 бас жылқы- «балама қалың» деп ауыстырылған. Егер алатын келін қайтыс болып кетсе, күйеу балдызына үйлену үшін 27 бас мүйізді қара қосып берген. Ол «олқы қалың» деп аталған. «Қалың малды» бөліп беруде қазақтың бұзылмас тәртібі бар. Ол жылқыны бөліп беруде көмекші адамға «құрық бау» берген. Егер қой болса қойшыға «қосақбау» төлеген. Тағы бір бұлжымас әдет-ғұрып «келін тілі» деп аталған. Ол келіннің денсаулығы үшін. Қалың мал көп болғанымен қыз жасаумен қайтатын болған, ол «жасар» деп айтылған.

Балдыз қалың

Келін болып үлгермей, мезгілінен бұрын өмірден өтіп кетсе, мұндай жағдайда берілген қалың мал мен қыздың сіңілісін алуына болады. Өйткені қалың мал ерте беріліп қойған. Егер күйеуі ұрын келіп, қызбен кездесіп жүрген болса, қалыңдық жақ мұндай жағдайда төленген қалың малдың жартысын қайтарады. Егер күйеу қалыңдығымен кездесіп жүрген болса, оның орнын сіңлісі басады (балдызы). Күйеу қосымша қалың мал төлейді. Бұл «балдыз қалың» деп аталады. Егер күйеу қалыңдықпен кездеспесе «балдыз қалың» бермейді.

Киіт

Құдалар аттанарда қыз әкесі дәстүр бойынша сый құрмет көрсетеді. Аса бағалы сыйлық жігіттің әкесіне беріледі (келін алуға келмесе де). Ал келген құдалар өздерінің жас ерекшеліктеріне, туыстық, достық қарым қатынастарына байланысты болады. Бай, құатты адамдар күйеу әкесіне бірүйір жылқы, шапан, міндетті түрде құда мінетін жақсы ат міңгізеді. Өзге құдалар да ретімен сый құрметке бөленеді. Ал қыз жағынан келген құдаларға да киіт беріледі, бірақ қыз әкесі берген киіттен сәл төмендеу. Өйткені берілген қалың малға да байланысты. Қыз жағынан келетін құдалар саны көбірек болады 1,2 адамға.

Есік көру ( Ұрын келу, Қалындық ойнау, Кінә менде)
 

Өлтірі өтіп, қалың мал өтіп бола бастағанда қыз жақ күйеу баланың есік көруіне рұқсат  етеді. Егер қалың мал тұтасқа жуық өтпесе, күйеубалаға бұл кеңшілік жоқ. Бірақ бұл аралықта күйеубала бармағанымен, екі жақ араласып жатады. Байлары жорға, жоқтары дорба ауысудан жаңылмайды. Қалыңдық жақтан балалар келсе тай мініп, үлкендері сыбағаларын жеп, ара қайшылысып жатады. Жаңа құда дейітіннің базары да осы шақта. Есік қөргенге дейін қалыңдығын көрмеген күйеулер қазақта көп кезігеді. Күйеуді қойып қайын, қайнаға, ата-ене, жеңгейлерге де келін көрінбей, ұялып, қашқалақтап жүреді. Байқаусызда көріп қалғандары көрімдік беріп құтылады. 
Есік көрүге келген күйеудің қасқайып жарықта келуіне рұқсат жоқ. Бүйту – бір жағынан әдепсіздік, екінші жағынан баса көктеп көргенсіздікке барғаны. Сондықтан қасқарая  күйеу келді делінетін  уақытта келуі керек. 
Қастың қараюын күтіп бір қалтарыста жатқан күйеуге бұл кезде бірлі-жарым балдыздары барып, атын аударып, алады. «Күйеудің атымен күл тасы» деген осыдан шықса керек. 
Күйеуді баса көктетпей,  өстіп келтірудің өзінде үлкен мән бар. Ата-ананы, үлкенді сыйлау, қайын жұртты құрметтеу, бұған қалыптасу жастар үшін аса қажет. Айдаладан тауып алған алтыннан көрі, алты қабат тау астыннан қазып алған алтынның қадірлі болатындай, қалыңдықтың да  зарықтырып көрінгені жақсы, қымбат. Ләйлі мен Мәжнүнде бірін бірі көре алмай, бірге бола алмай  зарыққаны үшін әлемге әйгілі болған ғой. Біздің қазақ ұлы мен қызын Ләйлі мен Мәжнүн құсатып жібермесе де, олардан үлгі алғызуды атам-заманда-ақ білген.  
Ақыры алатын адамы ғой деп күйеубаласын бейпіл қоя берсе, онда оны құдайдың атқаны. Жастарды, баланы тәрбиелеу деп осыны айтады қазақ атаң. 
Мал іші індетсіз, ел іші ылаңсыз болмайды. Қызды жеңге, жеңгені теңге бұзатындар да  халық болған соң ара-тұра кезігіп қалатыны болған. Бұл көбінесе мынадай жағдайда кезігеді. Егер қыз өзінен көп жас кісі адамға – ышқырынан асығы түспеген балаға атастырылса, не  өзінен неше мүшел үлкен шалға баратын болса, не көп қатынның үстіне тоқалдыққа кеткелі отырса, шеше мен жеңге астыртын ақылдасып, азды-көпті кеңшілікке барады... Мұндайды бала да, шал да, тоқалалғыш та онша тексеріп жатпайды. Теңіне бара алмай жылап-еңіреп отырған қызына жаны ашыған ана түнді жастанып ит үргізіп, өре құлатып  келген жастарды мұндайда көрмеске, білмеске барады. Мұнысы – «барғанда қай бір жырғағалы отыр, сорлы балам кеткенше еркін болсын» дегеннен туатын кеңшілік. 
Ішінде қаншама қара ит өліп жатса да ішкіпірі ішінде жүретін ұяң, бұйығы, шыдамды қыз кәзір қайда. 
Анықтап айтқанда, есік көру – қазақта қалыңдықтың дидарын ғана көру. Қайын жұртына барып-келіп  жүруге рұқсат алу ғана. Қазақта өз жұрты, қайын жұрты деген бар. Есік көргенге дейін осы екінші жұртқа рұқсатсыз бара алмайтын шетел сықылды. 
Осы жолы күйеуұлды алып барғанда тойдың уақытын белгілейді. Қыздың төсек-орнына қажеттілер сөз болады. Тойды тым жақын уақытқа белгілесе қыз ел-жұртымен, туысымен танысуға аттанады.  

Қыз ұзату

Қалың мал.     Қыз танысу.     Қапқа салар.     Той малы.     Сүт ақы.    Түйе-жігіт.   Көпшік қыстырар.     Шәшу-шәшу.     Киім ілу.     Табалдырық кәдесі.     Сыбаға асу.     Малға бата жасату.     Қыз алар.    Құйрық-бауыр асату.     Суға тоғыту.     Киім тігу.      Босаға аттар.     Неке оқу.      Қыз қашар - түндік жабар.     Шатыр байғазы.     Қоржын сөгу.     Мойын тастау.       Ат байлар.     Сәукеле кигізу.      Босағаға ілу.     Сатын (аужар).     Сыңсу.   Жар-жар.    Аушадияр.     Шарғы.     Жасау.     Қыз көші.    Түйемұрындық.     Күйеу киімі.
 

Қалың мал, - қазақта қызды малға сатады деген бір жақты ұғым. Ол бастағы айтқанымыздай, теңіне бере алмаған жағдайда ғана. Ал төленетін қалың мал орта есеппен қырық қара, төрт жыртыс болғанымен қыз жақ бұдан пайда таппайды. Бар болса басына ақ отау тігіп береді. Төсек-орын, ыдыс-аяқ, сауын сиыр, мінер ат. Бір жылдан кейін берілетін енші, жиеннің шұбар тайы мен серкеші  есептелінсе,  ол қалың малдың  құнынан кем түспейді. 

Қыз танысу. Осы кем түсірмеудің бір жолы  «қыз танысу». Қыз жанына бір жеңгесін және бір туысын ертіп жан-жақтағы туыстарын кемінде бір ай аралайды, қоштасады. Барған үйлері оның  дайындалып жатқан төсек-орнына кілем, алаша, сырмақ, киіз үйдің кереге, үзік, туырлық, керме-бау сықылды бұйымдарын және киім береді. Ел-жұртына, түысына. Жекжатына өзі, ата-анасы сыйлар бұл жолы артынып-тартынып келеді. Бұл жолы танысқан қызды қазақ салты бойынша ерекше құрметтейді. Барған үйлері ойын-думан өткізіп, бас қосады. Төсек-орынды дайындауға ауыл-аймақ атсалысады, ісмер әйелдер, зергерлер, тұрманшылар, үйшілер кіріседі. Бәрі дайын болған соң ұрындап күйеу келеді. Есік көргендігідей емес, бұл жолы күйеудің қалыңдығымен бірге болуына рұқсат. Онда да жеңгенің рұқсатымен. Болған шындықтың куәгері-жеңге. Өйткені, ол қыздың пәктігі жөнінде құдалар жаққа да, таңда-мақшарда да жауап беретін қыз жеңгесі ғой.Осы ұрындап келудің мақсаты – келін алып қайту. Сондықтан мұндағы бірге болудың заңын алдыдағы айтылатын кәделерде сөз етеміз.Ұрындап келген күйеу жеке үйге орналастырылады да, қасында кілең жастар, көбінесе балдыздары болады. Ән-күй, әзіл-қалжың дүрілдейді. «Әкенің жақсысы жездедей ақ», - деген бауырмалдық басталады. Ұрын тойында қыздың барлық жасауы ілулі жиюлы тұрады. Жақындардың көмегі туралы әйелдер сыпсыңға басады.    

Қапқа салар.Күйеуге сыйлық. Белгіленген уақытта күйеу жолдастарымен, тиісті тарту, сыйлығымен, той малымен қалыңдық ауылына жүреді. Той басталады. Аттанар алдына қыз әкесі келген жігіттерге сый құрметін көрсетіп, киіт кигізеді. Жаңа күйеуге сыйлық береді, бұл «қапқа салар» деп аталады. Бұл Құданың тұрмыс жағдайына байланысты. Бұл сыйлыққа қымбат киім, ат әбзелі және басқа мал да беріледі. Бұл, әрине, қайын атасының мал бастылығы, атақ абыройы.

Той малы. Тойға сойылытын мал. Күйеу қалыңдыққа келгенде «той малын» ала келеді. Малды осы тойға сояды. Бай құдалар тойға бірнеше жылқы, сиыр не қой әкеледі. Бұған қоса қымбатты мата, басқа да бұйымдар, жеміс, жидек, қант, шай  т.б. Егер оны толық әкелмесе қыздың жеңгелері күйеуге өздерінің риза еместіктерін айтып, келекелеп намысына тие сөйлеген.

Сүт ақы. Ана сүті ақысы. Құда түсуге келген құдаға қыз әкесі осы тойға байланысты мәселелермен түгелдей келіседі. Бұл тойға жігіт бас құдамен келеді. Басқада жақын туыстар мен бірге өзінің таланты, білімдар достарымен келеді. Сыйлықтар ішінде ерекше ырым-кәде  -«сүт ақы» болып табылады. «Сүт ақы» қыздың анасына беріледі.

Жігіт-түйе. «Жігіт-түйе» - бұл сыйлық қыз әкесіне. Тойға арналған кәделерінің бірі. Қызын жақсы, өнегелі етіп тәрбиелегені үшін енесіне «сүт ақы», атасына «жігіт-түйе» сыйлайды. Бұл сыйлық – қымбат киім, түйе, жылқы, ат абзелі т.б. Қыз әкесі батасын беріп ризашылық білдіреді.

Көпшік қыстырар – күйеуді алып келу ушін барған жеңгей күйеудің атына мініп ат көрпенің астынан көпшік қыстырарын алады. Бұл кемінде көйлектік бұлдан кем болмауы шарт.

Шәшу-шашу – күйеубала келісімен ауылдағы ең сыйлы бәйбіише табаққа құрт, ірімшік, табылса, тәтті қосып шәшу шашады. Жұрт мұны жапа тармағай таласа теріп алып жейді.  Бұл қуаныштың белгісі.

Киім ілу – құда-құдағилар келісімен алдын ала дайындалған адам (көбінесе әйел) оларды бір-бірден иемденіп, киімдерін іледі. Кетерде киіндіреді. Сонда киім нелері зат не ақша береді.

Табалдырық кәдесі – құда-құдағилар құданың  үйіне кірерде бір әйел оларды кіргізбейді. Қашан  ырымын алған соң босатады. Мұны табалдырық аттар деп атайды.

Сыбаға асу – құдалар келін орналасқан соң алдымен «есіңе алсақ, ескіден сақта» деп сүрі еттен сыбаға асады. Мұнда құдалардың сыбаға жамбасы міндетті түрде болады. Қазақта бас, жамбас, ұлтабар, асықты жілік, төс дегендердің өздерінің иесі – орны болады. Соғымнан құдаға, басқаға сыбаға беру- қазақта өзгермейтін заң. Қыста келе алмаса, жайлауға көшкенде ұнның арасына тығып апару керек.

Малға бата жасату- сыбаға желініп, шәй ішілген соң арнайы мал әкелініп, бата жасатады. Бұны кейбіреулер ерте, кейбіреулер сахарда сояды. Өйткені құдаларды қашан қайтару-қыз жақтың ырқында. Құдалар келген үйінің тамағын бауыздауына шейін кетпейтін қазақ, мұндайда күпті, сасық кеңірдек болып, ұйқыдан қалжырауы керек. «Құда болсаң, шыда» -дейді қазақ. Малға бата жасаған адам бұл ет желінген соң да тағы бата жасап табаққа кәде салады. Оны табақ тартушы әйелдер бөлісіп алады.

 

Қыз алар. Қыз алуға келген жігітке қыздың тойында бір табақ етті жігіттің алдына қойған. Табақ әкелген жеңгеге сый ақы беру керек. Осы табақ ет «қыз алар» деп аталған. Бұл дәстүр қазірде оңтүстікте сақталған. Ал қазақ елінің өзге жерінде сақталмаған,  ұмыт болған.

Құйрық-бауыр асату – құдалар сойылған малдың етін жеместен бұрын құйрық-бауыр асатады: үстіне айран құйылған құйрық-бауырды уыс-уыс  қып асатып ауызға симағанын бет-аузына, үстіне жаға салады. Құйрық-бауыр желінген соң құдалар жағы табаққа ырым салады. Бұны табақ әкелгендер тағы да бөліп алады.

Суға тоғыту – құйрық-бауыр асатылғаннан кейін ауылдың біреуі «Үйбай –ау, мына  құдалардың үсті басына не болған? Осы ауылдың құдағи-құдашалары қайда? Бұл ұят. Дереу шомылтып, тазартыңдар» дейді. Сонан соң құдаларды бөгенге құлату басталады. Мұндайда құдалар құлатуға келгендерді ала кетуге тиіс. Қарулылары жалғыз кетпей, сұлү құдағиды, не құдашаны ала түседі. 
Бұл кәде көбінесе жазда, онда да жері қолайлы жерде өткізіледі. Қолы жеткендер көлді арнайы жасатады. Аяғын ырымсыз қия баспайтын қазақтың мұнысында да гәп бар. Бірі – сән мен салтанат. Бірі – қазақ ақ нәрсені, тіпті ақ деген сөздің өзін ерекше жақсы көреді. Құдалық та игіліктің алды емес пе. Құйрық-бауыр да осыған бола қосылады. Біреулер дәмді бөлу үшін қосылады, дейді. Бұл оның екінші мәні. 
Құдалар сұға тоғытылып болғанның ертеңінде кит беріледі. «Өткенде артық ауыс айтылғанымыз болса, жаңа шомылған сумен тазарады, мына киттей таза болып, қатынасымызды жаңадан бастайық», дегені  бұл.

Киім тігу – қазақ салты бойынша барған құда-құдағилар барған түні ұйықтамау керек. «Жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын жарылысын» деп, құдалардың бергенін жей беру керек. 
Ұықтауға болмайды. Егер ұықтап кетсе киімін   құдалардың бірі  тігіп тастап, айып толеттіреді. Сол үшін ішіп-жеуге де, ұйқыға да, өлең айтысуға да шыдауы керек.  Көңілі дәриядай,  дастарханы таудай қазаққа мұндайда іркү,  есептеу деген болмайды.

Босаға аттар –құйрық-бауыр асатудан кейін күйеулер үлкен үйге шақырылады. Мұны - босаға аттар дейді. Күйеубаланы ата-енесі алдына шақырып, маңдайынан сүйеді. Бірақ көп отырмай бұрынғы үйлеріне барады. Күйеу балаға мал сойылып, оның асықты жілік, төсі тартылады.
Асықты жілік- бұл арада күйеудің ұлттық сыбағасы. Басқа жілік сыбаға болмай, бұның таңдалатыны – мұнда ең алдымен асық бар. Асық балалардың ойнайтын ұлттық ойыншығы. Ол арқылы мергендікке, «хан» ойнап есеп-қисапқа жаттықтырылады. Сондықтан осындай ойын ойнайтын балалары болсын деп, жақсылық тілеп асықты жілікті әдейі тандайды.
Болмаса домалас жілік , кәрі жілік, тіпті белдемеден бұның ешқандай артықшылығы жоқ. Ал, төс адамның  ең аяулы жері. Қазақ бұны да «төстеріңнен төстерің жазылмасын,  төсекте төстерің, дастарханда бастарың бірге болсын» деп берекенің мәңгілігін арман еткен.

Неке оқу – қыз бен жігіттің бірге жату үшін асатын ең биік асуы осы. Бұдан бұрын бірге болса ол - күнә. Бұны нимахрам дейді мұсылмандар.
Қазақта некені молда оқиды. Неке оқылғанда сол бөлмеге адам сыйғанынша жиылады. Бұлар – екеуінің қосылғанына күә. Сондықтан  бұның бәрі неке суынан ауыз тиулері керек.  Неке суы үлкен кеседе болады да, оған су, тұз, қант, сақина салады. Су – екеуінің пәктігіне,  тұз – егер біреуі келешекте опасыздық етіп осы некені бұзса дәм атадыға, қант- екеуінің тату-тәтті өмір сүруіне, сақина неке ескерткіш ету үшін салынады. 
Біздің қазақта куәлер некеден соң тарап кетеді. Ал, Шығыстың кейбір мұсылмандарында, жас куәлер қыз бен жігітті жатқызұға апарған тамның төбесіне топырлап шығып алып, төбедегі  тесіктен жатып ап сығалайды (ертедегі тамдардың терезесі төбеде болған ғой). Қыз бен жігіттің жеңгелері құранды ұстап,  бір жалпақ нан, онан соң екеуінің астына төсейтін ақ алып үйге кіргенін де  көруге бұлар ақылы. Жеңгелер ақты төсекке емес, жердегі төсекке салып кетеді...
Ертеңінде екі жеңге келіп күйеу-ұлға «Көңілің толды ма?» дейді. Астыларындағы ақты көреді. Қыз оңды болса, екі жеңге қыз үйне құанышты хабар айтып шүйінші алады.  «Қыз өсірсе, міне, сіздей болсын. Арық аттатпай, ауыр жүк көтертпей, еркекті жолатпай өсіргендеріңізге мыңда бір рахмет». Дегенді естіген ата-ана бір жасап, құданың төрінде өте кеуделі, ер отырады. Алда-жалда бұның керісінше болса әлгі жалпақ нанның ортасын тесіп апарады. 
Мұндай қыл көпірде ешкім өтрік айта алмайды. Екі жеңге қолдарындағы құраннан қорқады.
Қазақта мұнша қатал болмағаны нан, екі жақтың жеңгелері де «емтиханды» аз алмайды.

Қыз қашар – түндік жабар. Қазақта ұрындауды қыз қашар деп те атайды. Жеңге екеуне төсек салып, шымылдық құрып, түндік жабады. Қараңғыда жеңге, қалыңдық, күйеу үшеуі қалады. Соннан соң  жеңге алдымен «қолұстатар»  кәдесін бастап, қыздың білегінен жігітке ұстатады. Өзі ыстық, өзі жұмсақ білекке алақаны қарылған күйеудің демі ентігіп, жүрегі дүрсілдеп, денесі дірілдеп қызды өзіне тарткысы келгенімен, алда «шаш сипатар ырымы» тұрады. Мәселе осыған жеткен кезде қызды да, күйеуді де қара тер басып кетеді. Сонан соң  жеңге екеуін шешіндіріп, «қолұстатарға» да «шаш сыйпатарға»да, «көрпе қимылдатарға» да кәдесін алып, екеуінің үстіне көрпе жабады. Түндікті жауып, есікті бекітеді. Жеңге сыртқа шыққанымен, екеуі жатқан іргеде отырып, «тың тыңдан» алғашқы «тіршілікті» естіп бір-ақ  кетеді.  Өз басынан мұны өткізген жеңге таңертеңінде күйеудің  көңіл  күйін қабағынан-ақ жай-жапсарды бірден аңғара қояды. Қалыңдықты тергеп-тексеріп жатпайтындар шалдар, көп қатын алғандар, не жарыместер. Оларға бәрі бір. Жас иіс иіскендеріне мәз. Бірдеме дейін десе, өзі де оңып тұрған жоқ қой.

Шатыр байғазы- неке оқылғаннан кейін келіншек аталатын қалыңдық ертеңінде той тарасымен далаға тігілген шатырға шақырылады.   «Бұл күйеуің екеуінің енді ер жетіп адам болдыңдар. Келешекте шаңырақ иесісіңдер. Біз енді осы құанышқа асығамыз.Бүгіннен бастап қол ұстасып, тізе қосып, ашық жүрулеріңе рұқсат» дегені. Бұл жолғы шатырдың байғазысын ұл жақтың бір құдағиы береді. Өйткені болашақта отау – осылардікі.  

Қоржын сөгу – жоғарыдағы кәделердің арасында қоржын сөгу болады. Бұған әйелдер жиналады.  Қоржынның аузына бір киімдік бұл салынады. Бұл сөккен адамның  сыбағасы. Онаң соң жағалы киімдер – қыздың әке-шешесіне. Тағамды жиылғандар татады.  Бір табақта салынғаны шатыр байғазысы болып жатқан жердегілерге апарылады. Некесі оқылғанға дейін заман қалай болады деп барар жерінің асынан ауыз тимейтін келінге бұл жолы рұқсат.

Мойын тастау – қыз жақ отау көтеріп ұзатса ғана болады. Отау көтерудің тойына сойылған малдың мойыны күйеуге беріледі. Ол тазалап мұжыған соң  түндіктің кішкене ғып ашылған жерінен сыртқа лақтырады. Сүйекті тесіктен шығара алса, «келіншегіңнің бетіндегі мөр тозбай мәңгі сұлу болады екен. Өзің де келіншектің бабын табатын  жігітсің» деп арқасынан қағады. Шығара алмаса жығынды болып, жеңгелеріне айып төлейді. Қазақта сүйекті таза мұжыту «шала қалса келіншегің сүлү болмайды» деп, балаларды тазалыққа тәрбиелеу, міне, осы дан шыққан.

Ат байлар – отаудың шаңырағы котерілгеннен кейін  «Ат байлары мол болсын. Белдеуінен ат, төрінен қонақ кетпесін. Дастарханы жиылмасын!» деп етене жақыны бір ат байлайды. Өзінен бұрын өзгенің қамын көп ойлайтын қаптан секи (жомарт) қазағымның «ат байлар» деген кәдесі недеген жақсы?!

Сәукеле кигізу – сәукеле кигізерде отауға құда-құдағи шақырылады, олар көрімдік атайды. Онан соң қыздың шешесі баласының оң жақтағы үкілі тақиясының орнына сәукеле кигізіп, енесінен байғазы алады. Мұнысы қазақта келіншек болған соң тақия кигізілмейді. Сәукеле- келіншектің киімі. Сол күні құдалар үлкен үйге кеткенше келіншек оны киіп отыруға тиіс. Мұнсыз да ажарлы келінді қарға аунап тұрған Қырымның қызылындай құлпыртып жіберетін бұл бас киімді қыз жақ әдейі шешкізбейді.  Келін болып түскен жеріне барғанда да осымен барып ондағылардың көздерін сүрінтеді. Қазақтар тойға жасануды, киімді ұнатады.

Босағаға ілү – той тарап бір күннен кейін қыз аттанады. Бұл күні күйеу ең артынан аттанып, ата үйінің босағасына бір шапан іліп кетеді. Бұны біреу алады. Бұны ілудің мәнікүйеу ұл: «Осы үйдің, осы босағасынан қол ұзбеймін. Мен де осы үйдің ұлымын. Қашанда ыстық-суығының басы-қасында боламын. Бұған сеніңіздер» деген ишараты. Шындығында да осы үйдің ұлдары сулық киімін төрге ілсе де, майлығын келгенде босағаға іледі емес пе. Бұл киімді тез табұға, жұмысына кетуіне қолайлы орын.

Сатын (ау-жар) – қызды ұзататын күні келін және басқа әйелдер киіз үйдің ішінде болады да, аужар айтатын жігіттер сыртта ат үстінде болады. Еркектер тұрған жақтың  бір үзгі алынып, ашық болады. Қыз ата-анасымен, бауырымен, аға-жеңгесімен, ел-жұртымен қоштасуды өлеңмен жылап тұрып айтады. Теңіне бара алмай кеткен қыздарға көбірек айтылады. 
Аужарды көбінесе кетіп бара жатқан қызды жақсы көретін жігіттер, күйеуді жақтыртпаған, қайын сіңілісіне жаны ашыған жеңгелер айтады.

Сыңсу. Ұзатылар қыз қасына жеңгесін алып алыс жақын туыстарына барады. Бұл дәстүр «қыз танысу» деп аталады. Сыңсу – ұзатылар қыздың әні «қыз танысуда» айтылатын. Сыңсудың мазмұны: еркелетіп өсірген ата-анасын, өз үйіндегі бақытты шағын, енді ол күндердің өтіп бара жатқаның, өзі өскен үйінен кететінін әнге қосып, ендігі жерде өзін ұмытпай, сағындырмай еске алып, келіп тұруларын сұрайды. Ән мен өріледі. Өте әдемі көрініс. Бірақ бұл дәстүр қазір ұмытылған.

Жар-жар. Ежелден келе жатқан дәстүр. Қыздың қоштасу кешінде, қыз аттанарда қыз бен жігіт айтысы. Жігіттер: қыздың жыламауын, әкесін қалады деп, өкінбеуін, онда әке орына қайын атасы барып айтады. Қыздар: қайын атаның әкесін қалай ауыстыра алатын айтып, әнге қосады. Жар-жар жақсы келешегі, бақытты шағы болатынын баяндайды.

Аушадияр. Той жыры. Дәстүрі үйлену, қыз ұзату тойында орындалатын ән-жыр. Белгілі ырғақпен, әдемі безендірумен, көркемдікпен, ерекше салтанатпен орындалады. Өкінішке орай қазір аушадияр мүлде ұмытылған. «Аушадияр» қыз ұзату, үйлену тойларында жастарға арналады. Жаңа отбасын құрғалы отырған жастардың жаңа өмірлеріне арнап айтылады. «Аушадияр» аса бай, ұлттық дәстүрмен таза ниеттерімен ұрпақ жалғастыруды білдіреді.

 

Шарғы. Тұрмысқа шыққан қыз өзінің орамалын сіңлісіне береді. «Енді сен өзінің бақытыңда табу керек»  - белгісі. Бұл рәсім «шарғы салу» деп аталады. Шарғыны алған қызға жолдастары, жеңгелері, келіндері бақыт, мақсатына жетуіне тілектес болады. Бұдан соң шайға отырады.

Жасау. Бұл қыз жасауы туралы. Қазақ халқы қыз жасауына аса мән берген. Қызға жасау: зергерлік бұйымдар, кілем, текемет, сәукеле, қымбатты киімдер, заттар, ыдыс-аяқ т.б. Бай адамдар қыздарына «ақ отау»  да дайындаған. Қыз жасауы берген қалың малдың бағасынан артады. Қыз не берсе, соны алады. Және өз қалағанын да алады.

Қыз көші. Құдалар аттанған соң қыз шешесімен, үлкен жеңгесі мен кіші бауыр , сіңілісі мен арнайы дайындалған көлікке отырады. Ұзатылған қызға артына қарауға болмайды. Құдалар алда, олардан кейін «шаңырақ-түйе» - қыз көші. Соңында әдемі киінген, атқа мінген жігіттер әндетіп, жүріп отырады. Қызды бар салтанатымен жігіттің ауылына әкеледі. Қыз ауылынан шыққан соң бұл көшті «қыз көші» - деп атайды. Біраз жүрген соң «Қыз көшін» «Келіншек көші» - деп атайды. «Келіншек көші» ауыл жанынан өтерде ауыл адамары көшті тоқтатып «Түйемұрындық» сұрайды, алған соң сәт сапар, бақыт тілейді. «Түйемұрындық» -сұрап тоқтату бақыт, береке тілеу болады.

Түйемұрындық. Тоқтатқан көштің кәдесін алған соң, жастарға жақсы тілектерін айтып, риза болып қалады.

 

Күйеу киімі.  Күйеу болатын жігіттің киімі ерекше болу керек. Күйеу қайсысы-, деп іздемейтіндей. Бас киімі - бөріктің төбесіне үкіні қадайды, етігі биік өкшелі, иығына қызыл шапан жамылады. Бөрікті баса киіп, өзін өте әдепті, бәр жағынан жақсы көрсете білуі керек. Болмаған жағдайда күйеуге айып салынып, күлкі етеді. Күйеу атын балалар алып ойынға айналдырады. Атқа мініп, жарысып, ауылдың арасында атпен шауып көңіл көтереді. Бұл ауылға келген күйеу атына байланысты мақал: «Күйеу атымен күл тасы» деген. Бұл да дәстүрдің бір түрі.

 

Тұрмыс дәстүрлері

Аманат. Қымбат, бағалы заттарын уақытша біреуге аманат етіп қалдыру. Аманатты сақтау үлкен адамгершілікке жатады. «Аманатқа қиянат қылма» бұл сөзде сенім тапсырған адамға аса адалдықты, адамгершілікті сақтау керектігін білдіреді. «Аманат» рулар мен жүздер арасындағы ауызша келісім шарт болып, үлкен сенімділікті білдіреді. «Аманат» достықты, бірлікті, келісімге келуді білдіреді. Сол уақытта жауласып жүрген ел арасында келісімге келіп, татуласудың белгісі ретінде бала берісіп, бала алысқан.

Ант – адалдықтың, құрметтің белгісі. Ант бұзған адамды «ант атқан» - деп сөгетін болған. «Ант» беру өте ерекше жағдайда беріледі. Кінәлі адам сенімділікті, адалдықты сақтай алатын адамды арашалап, бұл жағдай қайталанбас үшін ант береді.

Ақ алып шығу. Сүт, қымыз, шұбат, айран т.б. қазақтар «ақ» деп атайды. Ақта қасиет бар деп есептейді.  Ақ түс – адалдықты, сенімділікті білдіреді деп ойлайды. Жаңа көршілеріне ақ алып шығып, қарсы алады, біріне-бірінің қарым-қатынасы таза, шын болудың белгісі. Жаңа көшіп келген көршіні қонаққа шақырады, бұл «ерулік» деп аталады. Көршіні ерулікке шақырмау әдепсіз, дәстүрді бұзу болып табылады.

Ақ құйып шығару. Қазақ халқы ақты (сүт тағамдарды) төгіп шашпаған. Кей жағдайда сүтті төгетін  уақыт болады:  үлкен өртте төгеді, үйге жылан кірсе оны ақ құйып шығарады. Бұл қазақ халқының зор құрметпен достарына, еліне, жолдастарына қарау мен бірге өзіне онша дос, жолдас емес адамдар ғана қымызын, шұбатын беріп құрметтеген.

Ақ жол. «Ақ жол» - әйелдерге сын. Өзінің еріне адал, шын берілген, өтірік айтпаған әйел ауырған адамның үстінен үш рет аттаса, ол адам жазылады, деп, сол ырымды пайдаланған. Ауру аттаған адам жазылып шықса, ол әйел шын қасиетті, деп аталған. Ілияс Есенберлиннің «Каһар» романн оқыған адам біледі.

Ат мінгізіп, шапан жабу. «Ат мінгізіп, шапан жабу» - өте жоғары құрмет. Қазақта аса жақсы дәстүр бар. Қадірлі қонағына, ақынына, батырына, күрескеріне т.б. аса сыйлы адамына ат мінгізіп, шапан жабады. Бұл салт бүгін де жалғасын табуда. Бұл қазақтың құрметтеп жүрген дәстүрлері.

Айып. «Айып төлеу» - істеген қылмысы үшін айыптау. Кез келген қылмыс міндетті түрде өзінің жазасын алады. Ұрыс, барымта, малын айдап кетуі, көпшілік ортасында ұрыс-керіс жасау, дәстүрді бұзу,әдет-ғұрыптан  өрескел қателік жасау т.б. бәрінеде айып төленеді. Оны міндетті түрде орындау керек.
Айыптың түрлері әр түрлі. Айыбы үшін атынан не шапанынан айрылу. Аса үлкен қылмысы үшін тоғыз айып салынған: түйеден бастап 9 мал төлеген (3 түйе, 3 жылқы, 3 сиыр), не жылқыда бастап (3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой). Ұрлық үшін аяусыз айыпталып 3 тоғызды 3 есе не оданда көп айып салынған. Бұдан өзге айып түрлері болған. Тәрбиелік, қоғамдық, адам құқығына салынған айыптың да маңызы көп болған.

Ат тергеу. Біздің халықта жас адамды тәрбиелеудің әдістері өте көп, үлкенге құрмет, жасқа әдепті үйретеді. Жаңа түскен келін ауылдың үлкендеріне, жастарына өзінше атау береді, мысалы, қайын атасын – ата, қайын енесін –апа, інісін - «қайны», қарындасын - «қайнысіңілім», үлкен ағасы – «ағеке», «мырза қайнаға», «би атам», «еркем», ағасының әйелің –жеңеше  т.б. деп атайды. «Ат тергеу» үлкен кішіге деген құрмет. Үлкендердің атын атау – құрметтің жоқтығы, әдепсіздік болады. Қазір бұл салтта жоқ, ешкім көңіл бөлмейді.

Айырылысар көже. Тату тұрған көршілердің біреуі жайлауға не қыстауға көшер болса бірін-бірі «айырылысар көжеге» шақырған. «Айырылысар көже» деген шартты түрде айтылған. Іс жүзінде аса мол құрмет көрсетіліп, мал (қой)  сойылып сыйлаған. Көршілер алдағы уақытта да  бірін-бірі сыйластықпен, құрметпен денсаулықтың арқасында сыйластық жалғасатына сеніммен қарап, қимастықпен айырылысқан.

Ауызбастырық. Біреудің атына кіркелтіретін сықақ өлең, лайықсыз сөз, топастық қылықтар тез тарайды. Көпшілікке күлкі, мазақ болмау үшін естіген білгенін өзі айтқан адамға ауызбастырық беріп, елге жайылып кетпеуін өтініп сұрайды. Сыйлық, аса құнды зат, әшекей бұйымдар болады. Алған адам айтып елге жаюға қақысы жоқ. Бұл анттың бір түрі.

Ауыз тию. Алыс жолға демалуға, емделүге бара жатқан адам, оқуға түскен, әскерге бара жатқан жастар жасы үлкен құрметті адамның үйіне кіріп амандасуы керек. Ол үйден тамақ ауыз тимей шығармайды. Содан кейін жол жүруге рұқсат.

Абысын асы. «Абысын асы» ағайынды, жақын туыстардың әйелдері «абысындар» деп аталады. Үлкендердің, ағайындарының, күйеулерінің үйде болған түрде абысындар жинала алмаған. Үлкендер тойға не басқа мерекеге кеткен уақытта әйелдер ғана қалған кезде абысындар жиналып ет асып, самауыр қойып, ет жеп, шай ішіп, әзілдесіп, ақылдасып арқа-жарқа болған. Бұл жағдай бұларды жақындастырып, үйымшылдыққа жол ашқан.

Араша. Өзара сөзге келісіп, төбелесіп жатқандарды көргендер оларды айырып, ақылға келтіреді. «Араша, араша» деген сөзді естігенде олар ұрысты тоқтату керек. Тыңдамаған жағдайда оларға айып салынады.

Ақтық. Белгілі бір қызметіне  қарай ақы төлеу. Сатқын үшін, айтылмайтын іс жөнінде басқа біреуге айту, сол үшін сыйлық алу. Ол «ақтық» деп аталады. Мұндай істі халық жаратпаған, ол жазаланған, айыптылар ол үшін айып төлеген. «Ақтық» - айғырын биеге салғаны үшін, түйеге де солай. Ол үшін айғырдың иесіне ақтық төлеген.

Ат құйрығын кесу. Әр түрлі себептермен керісіп жүрген адамдар кейіннен бір-бірімен жауласып кетеді, елінен, туыстарынан безеді. Қайта келіспеске белбұған адам өзінің мініп жүрген атының, құйрығын кесіп, екі қолын көтеріп төбесіне қойып елінен безіп кетеді. Бұл қайта бұрылмастық белгісі болады. Сол себепті «атынның құйрығын кеспе», қолыңды төбеңе қойма. Ол жамандықтың белгісі.

Ат майын сурау. Қазақтың қазағына көмек көрсетпейтін күні жоқ. Өмірдің әрбір кезеңіне зер салып отырған. Әсіресе күн көріс жағдайлары ауыр адамдардың от басына, жетім балаларға, жесір әйелдерге үнемі көмектесіп отырған. Соның бірі аты жоқ адам жағдайы жақсы адамнан «ат майын сұрайды». Жақсы көршілерінен, жақындарынан да сұрайды. «Ат майы» уақытша атын пайдалану. Сұраушы адам «ат майын» алады. Бұл да қазақтың жан -ашырлығы, білгендігі деуге болады.

Әмеңгерлік. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін әйелі күйеуінің інілерінің біріне, ағасы болса да қосылу керек, олар болмаса жақындарынан, не алыстау ағайына. Әйел өз еркімен шығу керек. Ертеден келе жатқан дәстүр. Егер әйел бөтен біреумен кетсе, күйеуінен қалған мал, мүліктен әйел ала алмайды, үйінен келген жасауымен кетеді. Бұны «іргеден шығару» дейді. Қайны, не қайны ағасына барса, ол ұрпақ жалғастырушы болады. Күйеуінің туыстарының бірі алса, бұл «әмеңгерлік» деп аталады.

Әдеп. Кішіпейілдік. Үлкендерге, өзінен кішілерге дұрыс қарым-қатынас жасау әдептіліктің белгісі. Сыпайлық,әдептілік ұлттық қасиеттерімізге тән. Үлкеннің, кішінің алдында, әйелдің ер адамның алдында, ер адамдардың әйелдер алдында, атасы келінінің алдында әдепті болуы. Келін өз кезегінде әдепті сынайы, кішіпейіл болуға тырысады. Мешітте, басқада көпшілік орындарда да әдептілікті ұмытпағаны жөн. Адам бойындағы сыпайлық, , кішіпейілдік, әдептілік адамға абырой әпереді.

Бата. Бата – жақсы тілек – бағалы рухани тілек. Бата беруші шын ақ ниетімен алладан тілеп айтады. Батаны жасы үлкен адамдар береді. Батаның түрлері әр түрлі болады:
-       Ұзақ жолға шығатын адамдарға ақ тілегін білдіреді. Мысалы, Қошқарұлы Жәнібекке, Қаракерей Қабанбайға, соқыр Абыздың батасы.
-       Дастарханға бата
-       Алғыс бата – үлкен ақсақалдар береді
-       Жаңа туған айға берілетін бата:   Ай көрдім, аман көрдім
Баяғыдай заман көрдім
Ескі айда есірке,
Жаңа айда жарылқа. – деп береді.
Біздің кәрілеріміз айдың, жұлдыздардың қалай орналасқанына қарап болжам айтқан.

Теріс бата. Қарғыс. Бата деп аталғанмен бұл жазаның бір түрі. «Теріс бата» әкесі баласының іс – әрекетіне риза болмай, тіл алмаса, әке сенімінен шықса теріс бата берген. «Теріс бата» қолының сыртын қаратып бата берген. Мысалы, «Қыз Жібектегі» Төлегеннің әкесі Базарбай қолын теріс жайып теріс батасын береді. Сырлыбайдың қызы Жібекке барыуына бөгет жасайды. Тыңдамаған соң «теріс батасын» береді. Ақыры не болғанын, оқыған, киноны көрген адам біледі. Бұндай адамдардан халық теріс айналған.

Байғазы. Отау үйге алғаш келген адам байғазы беріп, қайырлы-құтты болсын айтады. Байғазы көбінде балаларға, жас адамдарға беріледі: киім кешек алса, астына машина, мотоцикл т.б. бағалы заттар болса соларға байғазы береді.

Базарлық. Алыс жолдан, демалыстан келген адам базарлықсыз келмейді. Базарлық - қымбат емес зат не сувенирлер, т.б. өзінің жақын адамдарына, дос, жолдастарына сыйланады.

Байлау. Тапқан әлде тапқан олжасын біреуге сыйлау. Мұны «байлау» деп атайды. Аңнан қайтқан адам алған түлкісін, қасқырын, қарсағын ауылдың үлкен ақсақалына байлайды. «Байлау» - мырзалықты, сыйластықты білдіреді. Солай бола тұра алғашқы алған аңын ешкімге бермейді.

Баутағар. Аңнан қайтқан адам алғанын біреуге байлайды. Байланған кісі байлаушыға ақша не соған тұратындай зат береді. Бұл «баутағар» деп аталады. Байлауды алған адам «баутағар» бермесе, екінші рет оған «байлау» жоқ. «Баутағар» бермеген адам малынан айырылады деген ырым бар.

Бармағын жалау. Ол қонақ өзінің сый-құрметін достармен бөліскісі келеді.Жақын адамдары не достары шақырылған қонақты үй иесіне хабарлайды. Біз онымен қонақ асын бөліскіміз келеді. Бұның ешқандй өрескелдігі жоқ. Үй иесі бұған қуанышты. Кейде үй иесі жастарды шақырады: Бізге үлкен сыйлы ақсақал келе жатыр, бармағын жалауға келіңдер  - дейді. Бұл арнайы шақыру емес, ескерту ғана, жастарды сыйлау болып табылады. Жүздесу мен әңгімелесу,  сыйласымдық  ұлттық дәстүрдің бірі. «Бармақ жалау» соның бірі.

Барымта. Күш пен қаруланып келген қарсы жақтың адамдары табынымен жылқыны айдап кетеді. Соңынан іздеп келгендерге есе бермесе «барымтаны» сіңіріп кетеді. Барымта ұрлық деп санамайды. Барымтаның арты үлкен дауға айналады. Барымта есе қайтару үшін, не өш алу үшін істеледі. М.Ауэзовтың «Абай»нында барымта өте жақсы баяндалған жауласқан Базарәлі мен Тәкежан арасында. Барымта қазақ даласында жиі қайталанатын.

Бал басы. Ертеде көріпкелдер,  құмалақшылар, жауырыншылар көп болған. Қазіргі күндерде де олар бар. Жоғалған мал, заттар балгердің алдын ала болжап айтқандары келген. Балгердің жұмысына ақы төлеу керек. Оны «балбасы деп атаған. Әркім өз жағдайына қарап ақы төлейді. Кедейлерге балгер «құдай үшін», - деп тегін балды ашып берген. Балгер алғысын айтып бата берген. Егер балгер бал ашқаны үшін белгілі бір сома сұраса, не мал, бұларға ешкім көңіл бөлмеген.

Бәйге. Сыйлық. Көпшіліктің пікірінше бәйге «ат жарысы» деп ойлайды. Той, ас басқа да мейрамдар күрессіз, ақындар айтысынсыз, ат жарысыз өтпеген. Ерекше сыйлықты жүйрік ат алған. Бәйгеге «100 не одан да көп аттар жіберілген. Бәйге тіккен сыйлықтың бәрін айдап кетпеген. Бәйге күрестен жеңгенге – түйе кілем жамылған, ақындарға жақсы ат, шапан сыйлаған. Бәйге жарыста озғандарға берілген. Осы дәстүр біздің халықтың рухын, мәдениетін көтерген.

Белкөтерер. Қарт адамдарға көрсетілетін құрмет. Арнайы ас дайындалған. Ол кісілерге дәмді, жұмсақ, колориясы мол қазы, сары май, жент, қымыз, ақ ірімшік, т.б. дайындалған. Дайындалған тағамдарды көршілері, балалары, жақын туыстар әкелген. Естеріне алып құрметтегендеріне риза болған кәрілер жақсы тілектерін айтып, бата берген. Бұл дәстүр келешекте жастарға үлгі болған. Қарт адамдарға қалай күтім көрсету керек екені жөніңде. «Белкөтерер» аурудан жазылып келе жатқан адамдарға жасалып берілген.

Бес жақсы. Бес жақсы. Атына заты сай «бес жақсыны» сыйға беретін адамдары: құрметтеп жақсы көретін бай адамға, мырзаға, батырларға, билерге құрметтеп сыйлаған сыйға лайықты, достықтың белгісі ретінде берілген. Құдалар арасында «бес жақсы», қалың мал, киіт ретінде берілген. «Бес жақсы» аса зор құрметтің, сыйластықтың, достықтың белгісі болған.
Бес жақсыға жататындар:
-       Түйе – қара нар
-       Жүйрік ат
-       Парсы кілем – аса бағалы
-       Алмас қылыш
-       Бұлғын ішік
Осының ішінде біреуін қымбат асыл тастармен безендірілген сәукелеге айырбастаған. Бұл дәстүр байлықты, мырзалықты адамдар арасындағы сый құрметті білдіреді. «Бес жақсының» құны 4-5 ат болған.

Бетке түкіру. Сөзбен, қолжұмсамай өзінің жек көретін, көңілі қалған адамның «бетіне түкіреді» - қолынан басқа ештеңе келмейтін шамасыз адам осыған барған. Бетіне түкірілген адамға бұл аса ауыр болған. Намыстанып қиналған.

Дау. Қазақтарда болатын дау, төленетін айып, жер және жесір дауы. Дауласқан адамдар биге жүгінген. Жиналыс өткізеді. Екі жағы шешендік сөзбен даудың себебін дәлелдейді. Сөз сұраған адам қамшысын ортаға тастап сөз алады. Мұндай дауды төбе би шешеді, екі жақты татуластырады. Ақсақалдар мен төбе бидің қортынды сөзі қайта қаралмайды. Дау шешілген соң айыптың оннан бір бөлігі «төбе биге» беріледі. Айыптыларға мал басы кесіледі.

Дауыс. Өмірден қатты соққы көрген, тағдырдың талқысына түскен жағдайда дауыс шығарып қатты қайырған. Бұл дауысты әйелдер атқарады. Дауысты естіген ауылдың ақсақалдары, жасы үлкен адамдар келіп тоқтау айтады. Дауыс қылу ды көп естілген кез 1928жылғы тәргілеу (конфискация), 1932-34… жылғы аштық, 1937 жылғы репрессия, 1941-1945 жылдарғы  Ұлы отан соғысы. Кәзір бұл дәстүр жоқтың қасы. «Дауыс қылу», «жоқтауды» шатастырмау керек. «Жоқтау» - өмірден өткен адамды жоқтау. «Дауыс қылу» -адамның ішкі көңіл күйі.

Дерт көшіру. Ауырған адам, не мал болса көшіру арқылы емдеген. Ауыл адамдары, жастар жиналып аурудың атын дауыстап «көш, көш» -  деген. Бұл арнайы өлең түрінде, тақпақ түрінде айтылған, мысалы: сен жауға, суға, бұлтқа – көш, көш – делінген. Тері ауруына байланысты да айтылған. Қазір бұл ырым мүлде ұмытылған.

Денгене. Бұл ырым ұмытылып бара жатыр. 3-4 жігіт жиналып малды азаматтың үйіне денгенеге келдік дейді. Бұл келісті түсінген үй иесі бір семіз қойды сойып тастайды да етін түгелдей қазанға салып пісіреді.  Келген жігіттер етті тауысып, сорпасын да түгел ішу керек. Егер тауыса алмаса 2 есе айып төлейді яғни бір қойдың орнына екі қой. «Денгене»  - сірне деп аталады. Оңтүстік облыстарда 4-5 жанұя бірлесіп «денгене» -«сірне» жасайды. Аз болса тағы бір қой сойылады. Кейбір өңірде  сірнені кәделі ас ретінде құдаларға тартады.

Дүре. Дүре –жазалау. Аса ауыр, ұяты жаза. Дүре салудағы қару қамшы болады. Жазаланған адамға қылмысына қарай 25,50, 75,100 рет қамшымен соғылады. Бұл жаза – ұрлық істеген, ауылын (отаның)  сатқан адамдарға беріледі. Жаза көпшіліктің алдында болады. Бұның тәрбиелік мәні зор.  Көрген адамдар мұндай қылмысқа бармайды. Дүреден өлген адамға «құн» төленбейді.

Ен. Ен – белгі. Мал құлағына салынатын белгі. Қазақтың басты шаруашылығы мал өсіру болған. Әр отбасының, ауылдың, рудың өз белгілері болған. Белгі кейде қара малдың мүйізіне салынған, ені бойынша малын жоғалтып тауып алған, «енді» өшіріп не басқа түрге енгізі алмаған. Сондықтан ешқандай дау туы мүмкін емес. Ен әртүрлі болған. Қиықша, түзу, кейде сырға салынған. Ертеректе ен құлдарға салынған.

Ерулік. Ауылға жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп қонаққа шақыру. Олар жаңа ортаға тез үйреніп кетулері үшін, жаңа келген қоңыстанушыларға қажеттеріне қарай көмек көрсетеді: отын, су, т.б. Бұл адамдардың достығын күшейтеді, қоғамға белсенділігін, бірліктерін, қарым-қатынастарын жақсартады. Бұлда қазақ халқының көп дәстүрлерінің бірі.

Емге сұрау. Емге сұрау – ауырған адамға ем болу үшін тамақтың өзін де жоқ түрін сұрау. Мысалы: қазы, май айындағы, сары май, т.б. Дәстүр бойынша емге сұраған затты беретін болған. Халқының бұл дәстүріне ешкім қарсы болмаған.

Емшегін көкке сауу. Баласының істеріне риза болмаған анасы «емшегін көкке сауады». Төбелес, қол көтеру, ата-ананы тыңдамау, өрескел істерге бару - бұл іске баласына «теріс батасын» береді. Қарғыстың  ең ауыры «теріс бата», «ананың емшегін көкке сауу». Бұл қарғыс түрлерін өзгертуге, қайтарып алуға болмайды.

Есекке теріс мінгізу. Қылмыскерді, ұятқа қалдырушы әйел, еркек жеңіл жүрісті адамдарды дала заңы бойынша жазалаған. Жазалына қара есекке не қара сиырға теріс мінгізіп, аяғын есектің не сиырдың қарнына байлап, мойнына ескі қара кигізді кигізіп есекті не сиырды жетектеп әр үйдің есігің алдынан жүргізеді. Көрген адамдар бетіне түкірген. Бұл балалар мен жастарға аса қатаң жаза болып көрген. Өздері бұл көргендерінен сабақ алып, ондай бұзықтыққа бармайтын болған.

Жаза. Жазалау. Билер кеңесінен соң қылмысты адам бидің шешімі бойынша сазайын алған. Оны осының алдындағы есекке теріс міңгізуден білеміз. Дүре соғу – қамшымен жазалауда алдыңғы тақырыпта айтылады. Ішімдіктен көз жұмған адам басқа адамдар жатқан жерден 100 қадам ары жерленген. Егер әйел ерінің көзіне шөп салған болса, оны «қарабет» - деп шашын кекскен. Егер күйеуі жазаласа, «талақ» етіп тастаған (айырылған). Егер адам дінін өзге дінге ауыстырып кетсе, оның дүние мүлкі тәркіленіп, басқа адамдарға бөлініп берілген.

Жекпе-жек. Бұл ертеден келе жатқан дәстүр. Бұрын әскері адамдар осы жекпе-жектен бастаған. Мұндай сайыстарда біреуі өледі. Осыған қарағанда батырлар бұл сайыстан қайтпаған, еркімен қатысқан. Қазақ халқының батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Малай-сары, Наурызбай, т.б. мұндай сайыста жеңіп шыққан. «Мақсат-жеңіс» болады. Жеңілгендердің атын, қару-жарағын алып қойған. Өлең, жырларда батырлардың жекпе-жегі көркем тілде толық жазылған.

Жеті ата. Әу баста бір атадан тараған жеті жұрттың қамын жер – деген бар. Олай деу жеті атаға дейін тараған ұрпақ туысқан, жақын адамдар болып саналады. Сол себептен жеті атаны білу керек. Жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспеген.

Жиен құрық. Қыздан туған балаға берілетін сыйлық. Қыздан туған бала «жиен» - деп аталады. Біздің халқымызда дәстүрлі тәртіп жиенге «жиын құрық» беріледі. Нағашы жұрты (анасының туыстары) «жиенқұрықты» беруге қарсы болмауы керек. Жиен құрықты үш рет орындайды. Жиенді ешуақытта өкпелетпейді.

Жол аяқ. Ұзақ жолға шығатын адам үйінде қой сойып, қонақ шақырады. Мақсаты аман-есен қайтып оралуына, барған мақсатына жетіп қайтуға «жол аяқ» жасайды. Келушілер оған шын көңілден тілектес екендіктерін білдіріп  бата береді.

Жылу. Тұрмыстық қажетке берілетін дәстүр. Табиғат апатынан келген бақытсыздыққа көмек көрсетіледі (өрт, су тасқаны, т.б.). Адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмек. Бұл жерде тек қана туыс, жақын адам емес, сол өңірдің басқа да адамдардың көмегі қажет-ақ. Мұндай отбасыларына мал, үй, киім, тамақтай көмек көрсетіледі. Бұл  жағдай біздің елімізде кездеседі. Біреулердің осы жағдайға кездескендеріне көмек көрсету, халқымыздың адамшылық қасиеттерінің аса жоғары екендігінін, басқаның қайғысын өз қайғысындай түсінетін олармен бөлісуі керек екендігін көрсетеді.

Жыртыс. Жыртыс - кәде. Әйелдер арасында болады. Үйлену тойда өзге кәделер мен бірге қоржынға мата да салынады жыртыс үшін. Қоржын ашарда қоржын ауызындағы мата алынып, шетінен жыртылып отырған әйелдерге тегіс беріледі. Жыртыс кейде «құдайы», не өмірін жақсы өткізіп, ұзақ ғұмыр кешкен адамның қазасында беріледі.

Кәде. Тойда, үлкен мерекелерде түрлі ойындарда шақырылған қонақтарға кәде беріледі (сыйлықтар). Құдалықта кәде міндетті түрде болады. Кәде болмаған күнде – әдет-ғұрыпты елемеу, сыйламау, дәстүрді бұзу болып табылады. Қазақтың ұлттық дәстүрінде кәденің түрлері өте көп:  тойбастар - әнмен басталады, айттық – айт күндері, көрімдік – келін көрімдігі,  өмірге сәби келгенде, жыртыс.  Құдалықта – қарғы бау, шеге шапан, қалың мал, бата аяқ, өлі-тірі, құда тартар, т.б. Күйеуге байланысты кәделер: есік көру, балдыз көрімдігі, күйеу табақ, сүт ақы, ат байлар, т.б. Балаға арналған кәделер: ат қою, кіндік кесу, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу т.б. Өлімге байланысты кәделер: садақа, жыртыс, арулау, киім беру, дұға оқыту.

Кек алу. Өткен уақыттарда қазақта «барымта», «жауласу» көп қан төгіске әкелген. Бұл жолда адам өлімі де болып тұрды. Кісі өлген соң кек алу басталады. Қан төгіліп, өлім болған жақ «қанға қан, жанға жан» - деп ауылға шабуыл бастайды. Батырлар өздерінің қас жауларынан кек ала бастайды. Кек алу батырлық болып саналады, кек ала алмаған жағдайда ол қорқақ, адамдың қасиеті жоқ деп есептеледі. «Қанға қан» деген тәртіпті бұзған адам,  Қазыбек би. Орта жүзден шыққан. Дала қазағының ескі заңын жойып «қанға қан»  емес «құн беру» туралы заң шығарды. Бұл аса әділ, білгір би еді.

Көрімдік. Бұл қалыңдығын алғашқы көргені үшін - күйеудің көрімдігі. Нәрестені алғаш көру үшін, жаңа туған балаға -берілетін көрімдік. Бұл табыс табу емес, адамдардың шын қуанышын, туысқандық қарым-қатынасын білдіреді. Байғазы, көрімдік екі түрлі нәрсе. Көрімдік - адамды, мал түлігін көру үшін берілсе, байғазы - жаңадан киілген киімге, алған затқа беріледі.

Көрісу. 3 түрлі бар:
1 - жаңа түскен келін алғашқы жылы өз үйіне баруға болмаған, оның себебі жаңа үйіне, жаңа туыстарына үйренсін - , деген мақсатта. Бірақ келіннің бауырлары мен сіңлісі  келіп тұрған, келін олармен жылап көріскен, өзінің қуанышын, өкпесін айтқан.
2- алысқа ұзатылған қыз туысқандарын көргенде көрісіп амандасқан.
3 - жақын адамы қайтыс болғанда өте қайғырып келген адамдар жылап көріскен, ер адамдар көріскенде дауыс шығармаған.

Көз тию. Жеке адамдардың түсінігі бойынша жас балаға, жүйрік атқа, сұлу қызға көз тиді - деп болжам жасайды. Бәйгеден озып келген сәйгүлікке көз тиеді, - деп көрсетпеуге тырысқан. Жас балаға көз тиеді, - деп маңдайына күйе жаққан. Жас келін мен балаға қызғана қараған адамды түкіруге мәжбүрлеген.  Мұндайда «тоба-тоба», «тіл көзім тасқа», - деген. Көз тиюден, бүлдіруден кейін адам, не мал ауырған.

Көңіл сұрау. Ауырған адамның көңілін сұрау – жақсы дәстүр. Қолынан келсе көмектесу – бұл адамгершілікті көрсетеді. Көңіл сұрау келген адам, аурудың көңілін көтеріп, жазылатын кеңес береді.  Көңіл-денсаулығын сұрау адамгершілікті, құрметті көрсетеді. Ауырған адамның халін білуге түс ауа, кешке, түнде көңіл сұрауға болмайды. Ауыр жатқан адамға болып жатқан жағымсыз істерді, жақын адамдардың қиын жағдайда екенін, өмірден өткенін айтпау керек. «Көңіл сұраған – көңілге жақсы» деген Мұхамбет Пайғамбардың хадистерінде айтылған.

Күн санау.  Қазақ халқы күн санауды сенбіден бастаған. 7 күн бір жұма деп аталады. Жұманың әр күні сәтті, әр күннің өзіндік тәрбиелік мәні бар. Сәрсенбі күні - сәтті күн. Бұл күні жақсы киініп, кішіпейіл болып өмірден өткендерге дұға қылып, құран бағыштайды. Жұманың жеті күні: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Ай санау. Бір жылда 12 ай бар, «ай санау» - ертеден келе жатқан дәстүр. Әрбір айдың аты табиғаттың құбылысына байланысты, адамдардың түсінігіне байланысты. Далалық білімді адамдар айлардың шаруашылыққа, тұрмыс қажеттілігіне, астрологиялық маңызы бар деп есептеген. Ертеде астрономиялық мәні бар – әрбір айдың өзінше климаттық ерекшелігі бар, бұл құбылыс «ай амалдары» не «амал» деп аталған, әсіресе суық айлары. Халық арасында ай өзгерістерін есептеп, шығарып отырған. Қазақ халқында жыл санауды Наурыз айынан басталады.

Жыл санау.  Жыл санауды ғылымға сүйене отырып жыл есебін шығарған: жылға 12 ай кіргізген, жылдың басы Тышқан. Әрбір күнге, айға, жылға анықтама берген. Мысалы: Тышқан, Қоян, Мешін, Қой, Доңыз. Қоян, Мешін жылдары халық үшін ауыр жыл болған. Тышқан, Қой , Доңыз жылдары - жайлы. Өте ауыр жыл, шаруашылыққа жайсыз – Қоян жылы. Халықтың есінде қалған жұт жылы қоян болған, тарихта ел есінде сақталған. «Ақ қоян», «Тақыр қоян», «Жалпақ қоян» - ұзақ жыл, егін шықпай, мал қырылған, халық ашаршылыққа ұшыраған. Күн, ай, жыл есебін шығарған халықтың жаңалығы, өмірден алған өмірлік тәжірибесі.

Жыл қайыру. Ең пайдалы, ең ыңғайлы жол жыл қайыру, адам жасын анықтау. Адамның мүшел жасы 13. Жасыңды білу үшін 12 бөлу. Егер қалдықсыз бөлінсе – мешін  жылы тұған боласын. Егер қалдық 1 болса –тауық жылы, қалдық 2 болса – ит жылы,  3 - доңыз, 4 –тышқан, 5 –сиыр, 6 – қой  т.с.с. Жыл басы Наурыз . Жас есептеу жыл есептеу мен бірге, Наурыз айынан басталады.   Жыл басы – Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.

Қалау. Көңіліне ұнаған ат, зат болса қалап алу. Қалағаныңды алу үшін жақсы сыйлық апару керек.

Қазан шегелеу. Жақсы таныстар, жақын адамдар жиналып жақын жолдастарына барып қалжыңдап «қазан шегелеуге келдік»,- дейді. Мұны түсінген үй иелері: «Жақсы болды, қазанды шегелетуге біреуді іздегелі отыр едік, өздеріңнің келгендерің жақсы болды, - деп, қазан шегелеуге келгендерді қазан көтеріп аспен сыйлайды. Бұл әрине қазақтың қонақ жайлығы және мырзалығы.

Қарғыс. Ең ауыр қарғыс үлкендерден алған  теріс бата, ақ сүтін көкке сауу. Әкесі мен анасының тілін алмай, тәрбиесі көнбейтін, бетімен кеткен балалар қарғыс алады. Бұл әрине үлкен қарғыс тек адамға ғана емес малға, заттарға да айтылады. «Қарғыс» -қатты ашудың, ызаның, есе қайтарудан шығады. «Қарғану» деген де сөз бар. Өзінің таза, пәк екенің дәлдеу үшін қарғану.

Қарашаңырақ. Қарашаңырақ атадан балаға қалатын мұра. Қарашаңырақтың үлкен балалары отау тігіп жеке шыққан сон, кенже, ең кіші ұл қарашаңырақтың иесі болады. Әкесінің орнын басатын ұл қарашаңырақтың барлық жауапкершілігін атқарады. Егер осы үй батырға, биге,молдаға тиісті болса, ұзақ жолға шыққан адамдар, дін жолында жүргендер, әдейілеп осы қарашаңыраққа соғып, сәлем беріп, батасын алып жолға шығатын. Қарашаңырақты атақты, абройлы адамдарды жылдар өтседе ұмытпайды.

Қап қағар. Қыстың аяғында, көктемге қарай «соғым» еті бітеді. Қалған етті қап түбіне салып, сол күні қалған етті асып, шағын адам шақырып, сыйлайды. Бұл сыйлықты «ет қайтар» - деп атайды. Ал қалған етті (қаптағы) көршілерін шақырып, құрмет көрсетеді. Ол «қап қағар» деп аталады.

Қонақ асы. Қазақ халқы өте қонақжай екендігін көрсете білген. Бұл мырзалықты көптеген шетелден келген қонақтар да айта жүреді. Қонақты құрметтеп, қарсы алып, бар тәтті-дәмдісін қонағына береді.Тәуір асын қонағына сақтайды. Қонақ үш түрлі болады:
- арнайы  қонақ – әдейілеп шақырған қонақ , не келген қонақ.
- құдайы қонақ – жолда жүрген адам, шаруасымен жүрген адам.
- қыдырма қонақ –ауылының адамы – ас піскен кезде келе қалған.
Кейбір бай, атқа мінерлер қонағасы бермеген үйге айып салып кеткен. Айып түрі жылқы, түйе болған.

Қонақ кәде. Үй іесі келген қонақтан «қонақ кәде» сұраған. «Қонақ кәде» - ән не қисса (батырлар жыры, не ғашықтық жырлар), не күй, не өлең шығарып, орындап берген. Қонақ кәде – өлең, жырға бала күнінен үйренген адам бұл жөнінде қысылмаған, көңілді отырыс болған.

Қорықтық құю. Қатты қорыққан бала, үлкен болсын оның төбесіне ыдыс ұстап қорықтық құйған. Құятын зат қорғасын болған. Қорықтық құйылғанда ол бір бейне ұқсап тұрады. Адамның неден қорыққандығы айқындалады, бұдан ол жазылады.

Құмалақ салу. Құмалақ салу, алдын болжау. Құмалақ саны 41 болу керек. Құмалақ құрманың сүйегі, өріктің сүйегінде пайдаланады. Ертеректе қойдың құмалағын пайдаланылған. Бірақ ешкінің құмалағын алмаған. Құмалақ тартудың өзінің сыры болған, атаулары мен аттары сияқты. Мұны шын құмалақшылар білген. Небір атақты құмалақшылар болған. Қазір де бар.

Құн. Барымта да ұрыс жаң жалдарда адамдар өмірі қиылса. Оған құн төленетін. Күнәлі жақ пен құн сұраушы жақ биге жүгінеді. Ақсақалдар кеңесін, шешімін айтады. Қандай мөлшерде құн төлеу керек екендігін. Егер «қанға қан» деген шешімді кісі өлген жақ айтпаса, онда құн төлейді. Тәуке ханның «жеті жарғы» заңында ер адам үшін: 100 жылқы, 50 түйе, 1000қой болады. Бұл ердің құны. Ал өлген адам әйел болса осының жартысы болады.Егер әйел адам түсік тастаса кінәлі адам құн төлеген. Ол – 1жылқы, 1түйе. Жаңжалда адам бас бармағы сынса – 100 қой. Егер әйел күйеуін өлтірсе, әйелге өлім жазасы берілген. Өлген күйеуінің туыстарының кешірімінсіз жазадан құтылмайды.

Құтты болсын айту. Құтты болсын айту қуанышқа байланысты айтылады. Ертеден келе жатқан дәстүр.  Дүниеге сәби келсе, ұлдың  үйленуі,қыздың тұрмысқа шығуы, жаңа үйге кіру, оқуға түсу, т.б. Сәбиің өмірлі болсын!  Келін қайырлы-құтты болсын! Қоныс құтты болсын!  т.б.

Құрдастық қалжың. Бір жылда туған адам құрдастар болады. Құрдастар бір-бірімен тату, әзіл қалжыңдары жарасқан жандар. «Түйдей құрдас» - бір жылда, бір айда, бір күнде туған адамдар. Әйелдері құрдас болса – ерлері де құрдас. Әкесі құрдастың баласы да құрдас деген бар. Ауыз  әдебиетінде құрдастар қалжыңы жақсы суреттеледі.

Салт. Әр халықтың ғасырлар, жылдар бойы сақталып келе жатқан дәстүрлері бар. Ол әр халықтың ұлттық ерекшелігіне байланысты, өнер туындылары тәрбиелік, тәртіптілігіне, рухани өрісіне т.б. қазақ дәстүрі, әдет-ғұрыпы әр қазақ үшін заң болып табылады. Дәстүр тәртібін бұзған, оған немқұрайды қарағандар қазақ дәстүрімен жазаланады. Мысал үшін: той, Наурыз көже, қонақасы, шашу, ерулік – біздің ата-бабамыздан қалған дәстүр, ал біз мұны өмірімізде қолданамыз. Оны «ғұрып» дейміз. Мәдениет, тарих ата-бабамыздан қалған мазмұнды, маңызы жоғары дәстүрлер. Ұрпақ тәрбиесінде атқарар ролі өте зор.

Сал серілік. «Сал, серілік» - қазақ халқының өнерлі мәдениетті екендігін көрсетеді. Бұл ақындық, әншілік, сөз өнері. Сал, сері – деген атақ өзі мырза, адал, ақ көңіл өнерлі адамдарға беріледі. Сал, сері бір өзі халықтың алдында өнерін көрсете алатын адам. Ол әдемі киінеді, жүрісі, тұрысы ерекше көзге түседі, өзгелерден бөлек болып көрінеді. Мысалы, Біржан сал суырып салма ақын. Сері – бұлда әнші, импровизатор ақын, серілігіне қоса ол аңшы, балуан, құралайда көзге ататын мерген, құсты да жүйрікті де қолға үйретеді, қолынан іс келетін шебер, сөзге шешен. Әрине кез келген адам сал, сері бола алмайды. Сал Біржан, Ақан сері сияқты  бұл адамдар бай болулары керек, өнер туындалырын бағалап сүйетін, он саусағы өнерлі болып. Ол адамдардың жүрген жерлері мереке, көңілді күй, ән, жыр той болады. Халық оларға зор құрметпен қарап сыйлаған. Халықтың мақтанышы болған.

Сауға. Өлім жазасына кесілген, басқада ауыр жазаға ұшыраған адамның жазасын жеңілдету үшін, не босатып алу үшін айыптаушыдан сауға сұраған. «Сауғаны» беделді адамдар сұраған. «Сауға» сұраушы адам кінәлі адам үшін «құн» төлеген. Екі жақты келісімге келтірген.
«Сауға» - кінәлі адамның жазасын жеңілдету.

Саулық. Жақсылық тілеу. Көктем шыға наурыз келеді. Әрбір адам шын көңілмен өзінің жақсы тілектерін білдіріп «бата» береді.

Сауын айту. Үлкен той не ас берілетін болса, алдын ала хабарлаған. Мұны «сауын» деп атаған. Сауын бірнеше ай, не бір жыл бұрын айтылған. Оған себеп: тойға, асқа келетін адам уақытында дәстүр, ғұрып бойынша батырларын, күреске түсетін балуандарын, сәйгүліктерін, ақындарын, әншілерін-импровизаторларын (суырып салма ақындарын) сойыс малдарын, қымызын ала келеді.

Сарқыт. Тойдан, астан, айттан қалған тамақты бауырсақ, тәттілерді, т.б. әйелдер алып кетеді, үйдегі балалары мен немелеріне. Қалған табақтағы  еттерін де алады. Сарқыт деп соны айтады. Тәрбиелік мәні -  қалған тағамдарды ысырап етпеу.

Сәлем беру. Сәлем беру, сәлем ету –сәлемдесу, халқымыздың дәстүрі бойынша алыстан келген жолаушы не ауыл адамдарының ақсақалы мен құрметті сыйлы адамдарына сәлем беру.  Сәлем берудің бірнеше түрі бар.
-       Ауыл ақсақалдарына алыстан келген жолаушы сәлем береді.
-       Келіннің ата-енесіне, басқа да күйеуінің туыстарына тізесін бүгіп сәлем береді. Келіннің сәлем етуі  әдептілік, үлкен құрмет ата-енесіне.
-       Мойны сіресіп ауырған иілмейтін адам сәлем бергенде сәлем алатын адамның сыртынан басын иеді. Мұндай сәлем ету отырғандары күлкіге бөлеген.

Сәлемдеме. Дәстүрдің бір түрі. Бұл сәлемдеме екі жақтың бір-біріне деген құрметі. Көптен көріспеген адамдар бір-біріне сыйлықтар жіберіскен: қымбатты бұйымдар, сувенирлер, қымбатты заттар,т.б. Көбінде соғым малын, жанға жайлы жылы сөздер. Сәлемдемені алған кісі аса ризашылықта болып, бата берген. Сәлемдемені достары мен көршілерімен бөліскен.

Соғым басы. Қысқа қарата сөғым сою ертеден келе жатқан ғұрып. Шамасы келгендер соғымға бір емес, бірнеше мал сойған. Соғым басын беру міндетті түрде орындалатын дәстүр. Ауыл ақсақалдарын, көршілерін, достарын соғым басын беріп құрметтейді. Жаңа сойылған соғымның етін жеп, дастархан басыда әңгіме дүкен құрады. Соғым иесіне жақсы тілектерімен бата береді.

Сүйек жаңғырту. Қазақ дәстүрінде сүйек жаңғырту жиі кездескен. Бір рет құда болып қыз алған жақ, екінші баласы оның сіңлісін алады. Мұны «сүйек жаңғырту» дейді. Бір үймен  екі рет құда болып, сүйек жаңғыртады. Қазір де мұндай жағдай сирек болса да кездесін қалады. Бұл жөнінде халқымыз құдалық дәстүрді бұзбаған. Ру басшылары қатаң бақылаған, керек жерінде ескертіп отырған. Көршілес отырған ауылдар ру, жүз дегенді ажырата біліп, сыйласып, береке бірлікті сақтаған.

Сүйінші. Жақсылықты, қуанышты хабарлау. Сүйінші сұраушыға сыйлық беріледі. «Не қаласаң, соны ал» - дейді. «Сүйінші» - деген сөзден қуанышты хабар екенін біледі.

Сыбаға. Құрметті, сыйлы адамға оның сыбағасын (қазанға) салады. Ақсақал мен құдаларға бас, жая, жамбас, белдеме, омыртқа  - бәрі де дәмді ет. Құдағи, қыздарға, күйеулерге, балаларға тиісті мүшелері болады. Дәстүр бойынша кез келген жолаушыға, қонаға келген адамға тамақ асып (сыбаға) салған. Олай болмаса қонақ өкпелеп сөз қылып кетеді.

Өлі сыбаға. Сыбаға - құрметті алыс, жақын адамдарға сақталған. Өмірден өткен балықшының сыбағасын оның отбасына беріледі. Қазақ халқында отағасын жолғалтқан отбасына қолдан келген көмегін аямайды, үнемі көмектесіп отырады. Жалғыз қалған жесірге балықшылар ауға түскен балығынан үлес береді. Бұл көмектен ешкім бас тартпайды, өйткені асыраушысы жоқ. Бұл тәртіп заңдастырылған. Егін жинап алған соң, аңшылықта мал түрінде бөліп берілген. Сонымен «өлі сыбаға» балықшылардың қайырымдық қоры. Өзен жағалауында көлге жақын тұрғандарға көрсетілетін көмек.

Таңба. Таңба – әр рудың, жүздің белгісі. Таңба зиратта жатқан адамдардың қай ру, қай жүзден екенін білдіреді. Таңба батырдың туында, кейде қару-жарағында да болады. Әз Тәукенің «Жеті жарғасында» әр ру өзінің таңбасы болуы керек деген заң болған. Соған байланысты әр ру өзінің таңбасын шығарған.

Ұлы жүз:  Қаңлы таңбасы жүген, көсеу, Шанышқылы – қойылған қол, Жалайыр – тарақ, Шақшам – садақ оғы, Шапырашты – ай, тұмар, Албан, Дулат, Суан – шеңбер, Ысты – көсеу, жүген.

Орта жүз: Арғын –көз, Қыпшақ – абаб алфавитінде қос әріп, Найман- сырғауыл, ожау, Қонырат – табалдырық, Уақ – (қада, сырық, сырғауыл, бақан), Керей –екі өркеш.

Кіші жүз: Шеркеш, Алаша – сырғауыл, Тама – көсеу, араб алфавитінде бірінші әріп, Таз- қамшы, Адай – садақ, Есентемір – қада, сырық, сырғауыл, бақан, Төлеу – балға, жүген, Рамадан – ожау, Тама – көсеу, тарақ, Керейит – жүген, қылыш, Табын – тарқ, көсеу, ожау, Жағал байлы – балға.

Тәбәрік. Бәйгеден не құдалықтан алған сыйлығынан, кәдесінен «тәбәрік» сұрау. Сый алған адам бөлісуі керек. Бұл әдет-ғұрыптан бас тартқан адам дәстүрді бұзушы болады. Оны көпшілік алдында күлкі етеді, айыптайды.

Мүшел. Адамның жасы – мүшелмен есептелген: бір мүшел – 13 жас, әрбір 12 жылдан соң қосылып отырады. 25 жас – екі мүшел, 37 – үшінші мүшел,  49 – төртінші мүшел т.с.с. Ертеректе адамдар жасын нешеде дегенде: Менің жасым 5 мүшел және 2жыл, деген (63 жас). 7 мүшел – 85 жас. Әр мүшел өткен сайын адам өзгеріп отырады: 1 мүшел – балалық шак, 2 мүшел – жастық шақ, 3 мүшел – жетілу, 4-5 мүшел – даналық  онан әрі  қарттық. Әрбір мүшел 12 жылдан 13-ке қарағанда адамға қорқыныш сезімі болады. Киімінің жаңасын біреуге сыйлау керек. Алладан денсаулық, ұзақ ғұмыр сұрап: «құдайы ас» береді. Мүшел жасында ұзақ жолға, сапарға шықпау керек. Бұл сақтықтың белгісі, өйткені әрбір 12 жылда адам организмде өзгерістер болып тұрады. Бұл жай Шығыстың ғұлама оқымыстылары дәмелдеген.

Мүшел той. Мүшел той –мерей той. Мерей той – ірі қоғам қайраткерілері, атақты ақын, жазушыларының мемлекет бастыларының мерей тойлары аталып өтеді. Бұның саяси әлеуметтік, тәрбиелік маңызы бар. Қазақ халқы 20-шы ғасырдан бастап мерей тойды 50, 60, 70 келген еңбегі сіңген, халқы үшін қызмет еткен, ағартушы, оқымысты, Алаш орданың негізін қалаушылардың 50 жылдық Мерей той аталып өтгізілген.

Тойбастар. Той өлең мен әнмен басталады. Бұл ән «тойбастар» деп аталады. Той иесі той бастар әнін айтқан ақынға құрмет  көрсетіп сыйлық берген. Ертеде Баймағамбет сұлтан Ақылқанкей сұлуға үйленгенде «тойбастарды» атақты ақын Шернияз айтқан.

Той тарқар. Құрмет пен сыйға риза болған әлеумет « той бастардан» соң тарай бастайды. Қызықты, думанды тойдан кейін тойда қызмет еткен адамдарға дастархан жайылып, алғыс айтып, құрмет көрсетіледі. Той тарқарға ауылдың кәрі, жасы түгел жиналады. Тойға жұмыла кіріскен ауыл адамдарының береке, бірлік, ұйымдастырушылық қабілеттерін білдіреді.

Топырақ шашу. Қылмысты, отанын сатқан, жексұрын, ұрлықшы адамдарды ортасынан аластап, ат құйрығн кесіп, оларды айыптап ауылдан құған, артынан топырақ шашып: «Көзіңді жоғалтып кет!»– деп. Бұл қарғыстың өте қатты түрі. Онын атын ауыздарына алмаған, естеріне алмаған.

Тізе бүгу. Келген үйге кіріп шыққанда отырмаса да тізе бүгу керек. Тізе бүгу үйге, үй иесіне деген құрметі деп есептелген. Тізе бүкпей шыққан, келген жұмысын тізе бүкпей  айту үй иесі көңіліне алып «Тізеңді неге бүкпейсің, біздің үйдің сиыры түрегеп тұрып бұзауласын дейсің бе? – деп өкпелеген. Тізе бүкпесе сиыр түреген тұрып бұзаулайды деген түсінік болған.

Туған жерге аунату. Туған жерінде ұзақ уақыт болмаған адам.  Еліне, тұған жеріне келген адамды жерге аунатып алған. Бұл жол ер адамдарға жасалған. Туған жерге ауанату рәсімі – үлкен тәрбиелік мәні бар.  Туған жерін ұмытпау, туған жер сенің отаның, ол сенің әкең, шешең. Олардың жақсы қасиеттері сенің бойыңа дарысып – деген ұғым береді. Бұл дәстүрдің рөлі өте жоғары. Отан сүйгіштікке, туған жерді қастерлеп сүйе білүге үйретеді.

Туырлығын тілу. Өзара жауласып отырған, келісімге келмеу үшін, бір-бірінің туырлығын тіліп кету. Жауласудың белгісі болған. Тұырлық –кигіз үйдің кигізін тіліп кету. Бұл үлкен жаулықтың белгісі. Әрі жауынан кек алу. Жеңісі болады.

Түс жору. Ұйқыдағы адам жақсы түс көрсе, оянған соң Алладан тілек тілеп: түсімде, өңімде де жақсылығынды көрсете көр – деп тілейді. Түсті жорушы адамдар болған. Түс әртүрлі болады, бірде жағымсыз түс көреді. Жорушылар әрқашан жақсылыққа жориды.

Тыйым. Өзге халықтарда болатын тыйымдар қазақтарда жетіп артылады. Мысалы: табалдырық баспа, босағаны керме, жақын адамға пышақ, ит сыйлама - артынан жауласып кетуің мүмкін. Үй ішінде ысқырма – бақ пен байлықты, ақшаны қуасың. Қазаққа тән тағы бір тыйым - үлкен адамның жолын кесіп өтпеу.

Отпен аластау. Ертеден келе жатқан ырым.  Жаңа тұған баланы бесікке саларда бесікті отпен аластайды, бар болса аршамен. Жастар жаңа үйге кіргенде үлкендер үйдегі кері әсерлерді отпен кетсін деп аластайды. Отпен аластау жақсы тілекпен орындалады.

От басын сабау. Тұрғындар арасында түрлі келіспеушілік болады, әлдісі әлсізге үстемдік жүргізіп малын тартып алу, көбінде «жесірлерге» жасалады. Мұндай жағдайда кек алуды ойластырады. Оның түрлері: сол үйге, ауылға зорлық жасаушының үйін сыртынан соғып, ошағының күлін кигіз үйдің айналасына шашады, үйге де шашуы мүмкін. Осыны істеген адам өз ісіне риза болып рахаттанады. Ертеретте «от басын сабау» жиі болып тұрған. Қазір кек алу жолы басқаша түрде болып жүр.

Наурыз. Наурыз парсы сөзіннен шыққан. «Жаңа күн» деген ұғым. Наурыз мерекесі 22 марта шығыс халықтары үшін үлкен мереке. Наурыз -  жаңа жыл, жаңа күн, көктем мерекесі. Табиғат жаңа түске бөленеді. Күн мен түн тенеседі. Қазақта «Ұлыстың ұлы күні».- жылдың басы.  Ұлыс күні – адамдар үшін үлкен мереке.

Наурыз көже. Бұл мейрам күні тамақтың түрлері де көбейеді. Халықтың әл ауқатының мол екенін көрсетеді. Бұл күні үлкен мән беретін салт-жоралар бойынша жасалатын «наурыз көже». Наурыз көжеге жеті түрлі дәм кіреді. Олар: ет, тары, күріш, мейіз, тұз, су, сүт. Наурыз көже қазақ халқының –мырзалығын қонақ жайлылығын, зор құрметіп көрсетеді.

Мойнына бұршақ салу. Алладан ұрпақ (бала) беру үшін тәңіріне сыйынып бала сұрау ырым бойынша ерлізайыптылар мойнына жіп салады (кәдімгі қозы, құлын байлай жіпті). Оны «мойнына бұршақ салу»  деп атайды.

Үй сынығы. Ер адамның үйленген адамы бірінен сон бірі өле берсе, қайта үйлену оған ауыр да қиын жағдай болады. Қыздарын бұл адамға бергісі келмейді. Келіскен күнде бұл азаматтан «үй сынығын» сұрайды. Келісім бойынша қалың малға қосымша «үй сынығын» қосады. Ол қалың малдан кем болмайды. Құда түсушілердің бұған келіспеуіне болмайды, үйткені неше рет үйленген адам жас жағынан көп үлкен, қыз үшін шалдыққа жетіп қалады. Бұл дәстүр қыз үшін әділ шешім болады.

Ұран. Дәстүр бойынша әр рудың, жүздің өзінің ұраны болған, әскери ұран. Ұран үшін өткен аталарының, бабаларының, қасиетті адамдарын да ұран етіп алған. Ұрандар мен жорыққа аттанған, отанын жерін, руын, жүзін қорғау үшін күресетін болған. Ұран арқылы батырдың, жүздің, рудың қайсысы екенін айыра алған.

Ұлы жүздің ұраны: Қанлы ұран – Байтерек, Айырылмас, Жалайыр. Шақшам – Қабылан. Сіргелі, Сарыүйсін – Байтақ, Шапырашты – Қарасай, Ысты – Жауатар, Албан – Райымбек. Дулат, Ошақты – Бахтияр.

Орта жүздің ұраны: Арғын –Ақжол, Қыпшақ – Ойбас, Найман – Жалғабай, Қонырат –Алатау, Керей – Ошыбай, Уақ – Жаубасар.

Кіші жүздің ұраны: Кете –Майлыбай, Шемекей –Дейт, Шеркеш – Шағырай, Ысық – Бәйтерек, Масқар – Қаратай, Алаша – Байбарақ, Тана - Тана, Қызыл өрт – Жиенбай, Таз – Теремұрат, Беріш – Ағатай, Адай – Бекет, Есентемір – Алдонғар, Алтын, Даппас – Баймұрат, Телеу – Арғымақ, Рамадан – Дулат, Тама – Қарабура, Кердари – Қожахмет, Керейит – Ақсақал, Табын – Тостаған, Жағалбайлы – Малату.

Іргеден шығу. Қазақтың ғұрпы бойынша күйеуі өлген әйел ерінің жылы өткен соң,  қайта тұрмысқа шығуы керек. Ол енді өлген күйеінің ағасы не інісіне тұрмысқа шығу керек. Мұндай адамдары болмаса әйел басына бостандық беруді сұрайды. Бұл мәселені ақсақалдар мен молда шешеді. Егер әйелге бостандық берілсе, ол басқа адамға қосыламын десе онда әйел ерінен қалған мал-мүлікке ие бола алмайды. Өзінің үйден келген жасауымен кететін болған. Ол үшін оның жақын туысы өкпелі болмайды. Бұдан кейін келінді бөлектейді. Оны «іргеден шығару» дейді.

Шашу. Тойда, құдалықта, басқа да мейрам, мерекеде  шашу шашылады. Көбіне тәтті конфеттер, ұсақ ақша шашылады. Бұл «шашу» деп аталады. Бұны балалар, әсіресе үлкендер қуанышқа кенеледі. Бұл жақсылыққа ұласады деп, қуанады.

Шаң басты. Ертеде қазақтың әдет-ғұрыпы бойынша ауыл жанынан өткен жолаушы ауылға кіріп сәлемдесіп кетпесе, ол адамға айып салынған. Ауыл ақсақалдарымен үлкендері жүргіншіні ауылға кіргізіп, сұрақтың астына алып, айып салынған, не ескерту жасаған. Кінәсі – ауылға кіріп сәлемдесу тәртібін бұзғаны.

Шүлен тарту. Байлар мен билер тұрмыстары нашар жақын туыстары мен ауылдастарына қамқорлық жасап отырған. Бұл көрініс күз жақындағанда мал, ақшалай, заттай, тамақтай көмек беріп отырған. Бұны жақсы атану үшін емес, рахмет үшін емес, өздерінің міндеті деп есептеген.  Кедей шаруалар соның өзіне оларды сөгіп отыратын, солай бола тұра бергендерін алып отырған.

Шөміш қағу. Көктем келе қар кетіп, жер жіпсіп, көк шыға бастайды, бәйшешек шығады. Сәуір келе аспанды бұлт жауып, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Үлкендер бұл күнді қуанышпен қарсы алған. «Күн күркіреді, көк дүркіреді»,- деп. Себебі, күн күркіресе, жаңбыр жауып, жер гүлденеді. Осы мезгілде қолдарына ағаш ожау алып, табалдырыққа қойып, маңдайшаға тигізіп: Сүт пен, айран мол болсын. Аштықпен, бақытсыздық алысқа кетсін. Халық тоқ болсын, жайдары жүзді, көңілді болсын – деп алғашқы көктемді күннің күркіреуі мен жаңбырды қарсы алған. Көктемде шығатын жуа, қымыздықты жеуге болатын – күн күркіремей жеуге болмайды.

Шөп сындыру. Бұл адамның бір жақсы ісіне риза болып, көз тимесін – деген ұғымнан туған. Сараң адам бір мырзалық, берегендік көрсетсе, асқа (дастарханға) шақырса, ал қорқақ адам бір ерлік іс көрсетсе – шөп сындырған.

Хан сарқыты. Хан сарқыты – басқа халықта жоқ. Хан атына мініп, Ордаға кірген соң ол хан болады. Хан болып, таққа отырады. Енді ханға малдың керегі жоқ - халықта болса хандікі болады, - деп ханнын малын бөлісіп алған, Ханның халықтың қамын ойлағаннан басқа жұмысы жоқ, - деп тұжырым жасаған. Хан сайлауында қатыса алмаған адамдарды дастарханға шақырып сыйлаған. Бұл хан үшін зор құрмет болған.

Хан талау. Халық сенімін  ақатамған, өзі қаһар халқына мейрімсіз ханды халық өзінше жазалаған. Ханға тиесілі, оның меншігіндегі мал-мүлкін , билігін тартып алған. Бұл дәстүр барымта да емес. Ол хан қол астындағы халықтың шешімі болған. Бұл шешім тек хан ғана емес әділетсіз әкімдерге, атқамінер белсенділерге, төрелерге т.б. қолданылған.  Алдымен ескерту жасап, әділетсіздікті айтып отырған. Бұған мән бермеген ханды дәстүр бойынша хан талауға түсірген.

Ырым. Қазақта ырым түрлері өте көп. Халқына қызмет еткен, халқы сүйіп құрметтеген азаматтардың аттарын жаңа тұған нәрестеге қойған. Мысылы: Абай, Сәкен Бауыржан, Фариза, Мұхтар т.б. Осы азаматтардың жақсы қасиеттері балаға жұғысты болсын – деген ізгі тілекпен.  Той дастарханнан үлкендер  балаларға  тәтті, бауырсақ,  т.б. дәмділерді ырымдап берген ғой. Кейде мүмкіншілік болса көп жасаған адамдардың киімдерін ырымдап алған. Мұндай дәстүрлер мен ырымдар біздің халықта өте көп. Қазір де іске асып жатады. Ырым –жақсылыққа деген сенім. Басқаларға қарағанда бұл да қазақтың бір ерекшелігі.

 

Ым, ишара. Ойыңды сөзбен емес, ым мен ишарамен де түсінісүге болады кей жағдайда. Жұдырық көрсету, басты шайқау, саусақпен ату ызаны көрсетеді. Бас шайқау наразылықты білдіреді, көз қарастың өзі адамның көңіл күйін білдіреді.

  • Twitter App Icon
  • Facebook Basic Square
  • Google+ Basic Square
  • YouTube Long Shadow

Хабарламаны жібергеніңіз үшін рахмет!

bottom of page